• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 16 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: 155 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 80 НЫСАНДА ЖОЛ ҚҰРЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

17.07.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: 155 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН 80 НЫСАНДА ЖОЛ ҚҰРЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов арнайы БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.

Оқи отырыңыз...

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025

Брифинг барысында жарты жылда атқарылған жұмыстарын қортындылаған басқарма басшысы қаладағы жол құрылысы, жол қауіпсіздігі және аялдамалар орнату жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

«2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде магистральды 10 көше бар. Олар: Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев көшелері.
Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанға немесе 308 көшеге жүргізілуде.
Ағымдағы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар», -деді спикер.

Сондай-ақ, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрықтың құрылыс жұмыстарына тоқталған спикер, 2022-2023 жылдар аралығында үш деңгейлі жолайрық құрылысы қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асады деді. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артатынын болады.
Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелі конструкциялары орнатылуда.
Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың Бәйдібек би бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Бәйдібек би даңғылы бойымен солтүстік бағытта көлік қозғалысы жартылай ашылады. Ал оңтүстік бағытта көлік ағыны Арғынбеков көшесінн бұрылып Байтұрсынов көшесіне қарай өтеді.
Көлік қозғалысы үшін Арғынбеков көшесіне альтернативті магистралдар ретінде Рысқұлов және Төлеметов көшелері белгіленген. Ал, Бәйдібек би даңғылына альтернативті көше ретінде Бәйтереков, Шаяхметов және Өтегенов көшелері белгіленген болатын.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарланып отыр. Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылған. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-на тапсырылған.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

15.05.2025
Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру шарасының артықшылығын пайдаланады

15.05.2025
ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

ТҮРКІСТАН: ҚАБЫЛДАУДА САН ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТЫҢДАЛДЫ 

14.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған