• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 25 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ

17.07.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ

Шымкентте соңғы он күндікте коронавирусты инфекциямен науқастану көрсеткіші артып отыр. Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде COVID-19 инфекциясымен 103 жағдай тіркелді. Ауырғандардың көбі – ересектер. 18 жасқа дейінгі балалар арасында 25 жағдай анықталған. Бұл туралы Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлайды.
Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда COVID-19 жағдайы 3,4 есе жоғары тіркелді. Аурушаңдықтың тіркелуі жазғы кезеңде шетелге демалысқа барып келу, шетел азаматтарының миграциялануы және көп шоғырлануға байланысты.
Коронавирусты инфекциямен ауырғандар профилактикалық тексеру кезінде және науқастар өз бетімен медициналық көмекке жүгінген кезде анықталуда. Коронавирусты инфекцияның симптомды түрімен ауырғандар емдеу хаттамасына сәйкес ем алады, ал симптомсыз түрімен ауырғандар 10 күн медициналық бақылауда болады.
Еліміздегі статистикалық мәліметтерден коронавирусты инфекцияның қайта күш алғаны байқалады. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен ошақтарда эпидемиологиялық зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аурудың алдын алу бойынша іс-шаралар және санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын мүмкіндігінше адам көп шоғырланған жерлерге бармауға, қоғамдық орындарда бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға және сақтық шараларын барынша күшейту қажеттігін ЕСКЕРТЕДІ.
Егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз немесе науқастанып қалған жағдайда, аурудың таралуын болдырмау үшін көпшілік орындарға бармай, үйде қалып, дәрігерді үйге шақыру керек. Осы орайда, індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация екендігін атап өту керек. Дер кезінде алынған вакцина – дерттің таралып кетпеуіне бірден-бір себеп. Алайда, белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпенің күші әлсірей бастайды, сондықтан уақтылы қайта екпе алу маңызды.
Шымкент қаласында вакцинациялау, ревакцинациялау және қайта ревакцинациялау Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген «QazVac», «Vero Cell», «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакциналарымен жүргізілуде. «Комирнати» (Phizer, АҚШ) вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін) және лактация кезеңіндегі әйелдерге (босанғаннан 42 күннен кейін бала 2 жасқа толғанға дейін) жүргізіледі.
Вакцинациялауды жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен, ерікті түрде және ТЕГІН жүргізіледі.
Қаладағы егу пунктерінде вакциналардың сақталуы, тасымалдануы, қолданылуы «Суықтық тізбегін» сақтай отырып санитариялық талаптарға сай жүргізілуде. Егуді арнайы оқытылып, рұқсат алған медициналық қызметкерлер жүргізеді.
Шымкент қаласында өткен тәулікте 102 адам екпе алды. Егу науқаны басталғалы барлығы 603309 адам вакцинацияланған. 354606 адам ревакцинациядан өтті. Екпе алып, індеттен аман қалу мүмкіндігі әр адамда бар. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғау үшін вакцинация алу қажет!

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

24.03.2023
ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?