Ағымдағы жылдың 6 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен денсаулық сақтау саласында 27 қылмыс тіркелген.
Осы ретте, аталған салада жемқорлықтың алдын алу мақсатында медицина мекемелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті кездесу Шымкент жүрек орталығының ұжымымен өтті. Іс-шараға қатысқан Департаменттің бас маманы Жани Қамбар жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан жұмыстармен, денсаулық сақтау саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен және оларды жою бойынша енгізілген ұсыныстармен таныстырды.
Сонымен қатар, жиында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жұмысы, Агенттіктің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығы жайында ақпарат берілді.
Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласы өкілдеріне қатысты келіп түскен шағымдар аз емес, ал бүгінгі кездесудің басты мақсат жемқорлықтың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, талқылау болып табылатындығын жеткізді.