• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУІМІЗ КЕРЕК»

08.07.2022
in Басты ақпарат
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУІМІЗ КЕРЕК»

Биыл «Turkistan» телеарнасы республикалық деңгейдегі «Тұмар» телевизиялық байқауында «Үздік аймақтық телеарна» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Ашылғанына 1,5 жылдан енді асқан жас ұжымның журналистері одан өзге байқауларда да жеңіске жетіп үлгерді. Елге ақпарат беруде жаңа тәсілдерді қолданып, көрерменнің ықыласына ие болып жүр. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев телеарнаға арнайы барып, журналистер ұжымымен кездесті. Оларды жетістіктерімен құттықтап, ұсыныстарын тыңдады.
– Сіздерді алғашқы жеңістеріңізбен құттықтаймын. Жас телеарна қысқа мерзімде өз көрерменін тапты. Сіздер еңбектеріңіздің, ізденістеріңіздің, талпыныстарыңыздың арқасында жеңіске жетіп отырсыздар. Сүйінші жаңалықтарға қуанып отырмыз. Облыс әкімдігі тарапынан телеарнаға әрдайым қолдау көрсетіледі. Әр өңірдің өз телеарнасы болуы керек. Бірақ біз тек облыс емес, телеарнаны халықаралық деңгейге көтеруіміз қажет. Ол үшін бар мүмкіндік бар. Түркі мемлекеттерінің өкілдерімен, ТүркПА басшыларымен кездесуде олар да телеарнаны Түркі әлеміне таратуға қолдау көрсететінін айтқан болатын. Ол үшін біздің телеарна сол қолдауға лайық деңгейге жетуі тиіс. Жалпы өңірімізде талантты жастар көп. Жергілікті кадрларды дайындап, өсірсек, сонда ғана нәтиже болады. Бізде оған толық мүмкіншілік бар. Түркістан – ұлтымыздың болмысы сақталған өңір, жастардың тәрбиесі де, дүниетанымы да қазақи. Сондықтан «Turkistan» ең қазақи әрі үздік телеарналардың бірі болады деп ойлаймын. Жас таланттарды табуға демографиялық жағдай да толық мүмкіндік береді, – деді Өмірзақ Шөкеев.
«Turkistan Media Holding» ЖШС бас директоры Жанахмет Ағыбаев телеарнаны дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жаңа жобалармен таныстырды. Қолдау көрсеткен өңір басшысына алғысын жеткізді. Телеарна ұжымының 85 пайызы жергілікті кадрлар екенін айтқан бас директор жастардың шеберлігін шыңдау, телеарнаның таралу аумағын кеңейту жөніндегі жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, «Turkistan» телеарнасы цифрлық жүйе арқылы Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына тарайды. Ал ID және BeeTV арқылы 17 өңірді толық қамтып отыр. TNS рейтингі бойынша түркістандық телеарна республикада үздік ондыққа еніп отыр. Қазіргі таңда тәулігіне 18 сағат хабар таратып, 30 төл жобасын жұртшылыққа ұсынуда. Ал биыл маусым айында жаңа 7 жобаның тұсауы кесілді.
Кездесуде телеарна журналистері ақпараттық саланы дамыту және өзге де мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, облыс әкімімен еркін пікір алмасты. Әсерлі жүздесуден кейін Өмірзақ Шөкеев телеарнаның «Билік пен Бұқара» атты жаңа бағдарламасына сұхбат берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

Бәйдібек ауданындағы кәсіпкерлер инфрақұрылым мен қаржылық қолдауға мұқтаж

12.05.2025
Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған