• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жұма, 24 Наурыз, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT»: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 10 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ӨТІНІШПЕН КЕЛДІ

05.07.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT»: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 10 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН ӨТІНІШПЕН КЕЛДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында жалпы 18 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп тұр. Оларға 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында 9735 арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде 5066 өтініш оңтайлы шешіліп, 4546-на заң аясында кеңестер берілді. Ал 123 шағым қаралу үстінде. Ең көп арыз-өтініш Жетісай, Сарыағаш, Түлкібас аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары тарапынан тіркелген.

Оқи отырыңыз...

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

23.03.2023

Қабылдауларда көтерілген мәселелер және электронды база арқылы тіркелген арыздардың 44,3%-ы әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша, 19,3%-ы тұрғын-үй коммуналдық мәселелер, 8,7%-ы баспана және жер учаскесін алу, 8%-ы еңбек құқығын қорғау оның ішінде жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару және еңбекақы өндіруге қатысты. Қалған бағыттар бойынша да түрлі талап-тілектер назарға алынған. Атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беру, кәсіпкерлікті қолдау, несиелендіру және субсидия алу, халықты құжаттандыру, агроөнеркәсіптік кешен, жайылым жер, сот және құқық қорғау жүйесі, сондай-ақ тағы да басқа шағымдар қаралды.

Облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың айтуынша жыл басынан бері жалпы 1871 қоғамдық қабылдау өткізіліп, 6665 азаматтың мәселесі қаралған. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары тұрғындарға 20 жеке қоғамдық қабылдау өткізіп, 198 азаматтың ұсыныс-тілегін тыңдады. Мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары да 778 қабылдау жүргізген. Олар 2300-ден аса тұрғынмен кездесіп, өтініштердің оң шешілуіне атсалысқан.

Мұнан бөлек әкімдер, әкім орынбасарлары, жергілікті мемлекеттік органдар, департамент және басқарма басшылары, партияның атқарушы хатшылары, заңгерлер және адвокаттар, медиатор қызметкерлері өңір халқының мәселесін заң аясында қарады. 40-тан астам қоғамдық қабылдау партиялық жобалар мен республикалық акциялар аясында өтті. Онда 172 азамат өз ұсыныстары мен жобаларына қолдау сұрады.

Биыл 15 наурыздан бастап партияның Түркістан облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бүгінге дейін мобильді топ аймақтың 11 аудан және қаласын аралап, 51 шалғай елді мекенде қоғамдық қабылдаулар өткізді. Десе де кездесулерге сол маңайдағы ауыл тұрғындары да қамтылып, жалпы 181 елді мекеннен 1900-ден астам азамат келді. Хаттама негізінде 765 арыз-шағым тіркеліп, оның 41 пайызы яғни 315-і оң шешімін тапты. Ал 450 өтінішке заң аясында түсіндірімелер берілді.

Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі жайылым жер, интернет сапасының төмендігі, мәдениет және спорт нысандарын салуға қатысты болып, әлеуметтік мәселелер де тыс қалмады. Бұл мобильді қоғамдық қабылдаудың ерекшелігі — аумақтық деңгейде шешімін таппаған талап-тілектерді облыстық немесе республикалық деңгейде талқыға салып, өзекті мәселелер ошағын анықтау. Өйткені жоба ауыл халқының проблемасын шешуге ықпал етіп, мемлекеттік мекеме өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогты орнатуға бағытталған. Жыл соңына дейін жалғасатын жоба аясында өңірдің барлық аудан, қаласын қамту жоспарланып отыр.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

24.03.2023
I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

I — ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

24.03.2023
🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

🔹 ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN — 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

23.03.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?