ХАБАРЛАМА
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы жүргізіліп жатыр.
Құрылыс жұмыстарына байланысты Бәйдібек би даңғылында ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап, 30 тамызға дейін автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қосымша айналма жолдардың сызба тіркеледі.
Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.