• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 26 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

04.07.2022
in Басты ақпарат
СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмыс ауқымы кеңейген. Мұнда арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің саны да артып келеді.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева қаладағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. 2019 жылы құрылған орталықта қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткерге қызмет көрсетілуде.
Сенат депутаты дәрігерлік тексеру (терапевт, невропатолог, физиотерапевт, психолог), еңбек, музыка, бейнелеу өнері (ART терапия), қыш өнері (ART ELAY), компьютерлік сауаттылық және тағы басқа бөлімдерді аралап көрді. Ләззат Молдабекқызы орталықтың жұмысын оң бағалап, қаладан мұндай әлеуметтік медициналық оңалту орталықтарын көптеп ашу қажеттігін атап өтті.
Сауықтыру мекемесінде зейнеткерлерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері ұсынылады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, зейнеткерлердің емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисімен шұғылдануға мүмкіндігі бар.
Айта кетсек, 2021 жылдың желтоқсан айында орталықтың қосымша бөлімшесі ашылды. Онда зейнет жасындағы азаматтарға 4 сағатқа дейінгі арнаулы әлеуметтік қызметтер және жалғызбасты қарттарға 8 сағатқа дейін жартылай стационар жағдайда қызмет түрлері көрсетілуде.
«Шымкент келбеті» – Т.ҚАСЫМ

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды   

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

25.06.2026
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

25.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР – ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ КЕПІЛІ

25.06.2026
Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды   

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды  

25.06.2026
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

25.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған