• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 8 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МАУСЫМ «ЖОҒАЛҒАН ЖҰРНАҚПЕН» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

01.07.2022
in Басты ақпарат
МАУСЫМ «ЖОҒАЛҒАН ЖҰРНАҚПЕН» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 88 маусымын М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» драмасымен қорытындылады. Қоржынында қазақ және әлемдік драматургияның 400-ден аса жауһар туындылары бар өнер ордасы бұл шығармашылық маусымда 4 күрделі қойылымды сахналады.
— Театр репертуары 88 – маусымында 4 премьерамен толықты. Маусымның басында қоюшы режиссер Жұмабек Есімов М.Омарованың «Тор» мистикалық драмасын сахналаса, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Желтоқсан» оқиғасының 35 жылдығына орай М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасын ұсындық. Жыл басында антикалық қос туынды, Ж.Ануй мен Х.Мюллердің «Медея/Филоктет» трагедиясын қоюшы режиссер Қалтөре Жұмақұлов ерпекше үндестіріп, театрсүйер қауымның назарына ұсынды. Жуырда Х.Хурсандов «Өлдік те, құрметті болдық» трагикомедиясының тұсауы кесілді. Төрт туындының да қоғамға ой салар өзегі бар, сүйекті шығарма. Театр ұжымы, әртістер қауымы жыл бойы еңбектеніп, көреремен үшін аянып қалмады, — дейді театрдың көркемдік жетекшісі, әрі «Жоғалған Жұрнақ», «Өлдік те, құрметті болдық» спектакльдерінің қоюшы режиссері Б.Құрманғожаев.
Расында да, бұл маусым театр ұжымы үшін табысты қорытындыланып отыр. Шаниндіктер Қарағанды қаласында өткен Ә.Сығай атындағы «Сын шын болсын» республикалық театрлар фестиваліне У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z» трагикомедиясымен қатысып, жүлделі ІІ орынды және «Сығай шәкірттерінің тәуелсіз сыйлығы» марапатын иеленді. Ал, сәуір айында Сыр өңіріне гастрольдік сапармен барып, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер», М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасын және У.Шекспир шығармаларының желісі бойынша «QORA Z» трагикомедиясын сахналады.
Театр актрисасы Раушан Салова Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Дара» төсбелгісімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен актриса Бақыткүл Қожамұратова мен дыбыс беру цехының меңгерушісі Рашид Оразбақов, ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен театр режиссері Жұмабек Есімов пен актриса Бақыткүл Қожамұратова марапатталған. Сондай-ақ, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясын ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұржамал Қаламбаева иеленді.
— Бұл маусым табысты, шығармашылық жаңалыққа толы жыл болды. Бұйыртса, келер маусымды Ж.Шаниннің 130 жылдығына орай Сая Қасымбектің «Шанин» драмасымен ашуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, «Ақан сері», «Мөде хан» сынды тарихи драмаларды сахналау жоспарымызда бар. Алайда, театрға жаңа қолтаңба қалдыратын режиссер шақырсақ деген ниеттеміз. Мұның барлығы уақыт еншісінде. «Театр — тірі организм». Сондықтан шығармашылық балансты ұстап тұру өте маңызды. Сондықтан академиялық театр талаптарына сай, актерлік құрамды көбейтсек деген жоспарымыз бар,- дейді Б.Құрманғожаев.
Жиын барысында Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Қайрат Қарғабаев патша көңіл театрсүйер қауымға және жыл бойы ақпараттық қолдау көрсеткен жергілікті БАҚ басшыларына алғыс білдірді.
«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бейбіт күннің батырлары

Бейбіт күннің батырлары

08.07.2025
САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

САУРАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗДІ

07.07.2025
ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған