• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

30.06.2022
in Басты ақпарат
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде түрлі басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстардың есебі мен ұсыныстары тыңдалып, оған қоса, кеңестің келесі тоқсанындағы төраға сайланды.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025

Алдымен қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Шымкентте қазіргі таңда басқарма тарапынан жалпы 90 нысанның құрылысы жүруде. Оның ішінде 51 үй, 11 білім беру нысаны, 15 инженерлік инфрақұрылым нысаны, мәдениет және денсаулық саласына қатысты 2 нысан, төтенше жағдай саласына қатысты 2 нысан және ауыл шаруашылығы, спорт секілді басқа да салаларға қатысты нысандар бар. 2021 жылы мегаполисте 1 млн шаршы метр тұрғын жай пайдалануға берілсе, биылғы меже – 1 млн 60 мың шаршы метр. Оның ішінде құрылыс басқармасы тарапынан жалпы ауданы 240 шаршы метр болатын пәтерлер беріледі деп күтілуде. Жоғарыда айтылған 51 үйдегі үш мыңға жуық пәтердің көлемі – осындай. Ал 6 білім беру нысаны – биыл, қалған бесеуі келесі жылы пайдалануға беріледі. Оның ішінде Нұрсәттегі 500 адамға шақталған Оқушылар сарайы да бар, – деді басқарма басшысы Әбілсейіт Рабаев.

Бұдан кейін ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбаев баяндама жасап, әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлеріне қойылатын шекті бағаның жаңа мөлшерлемесіне қатысты қаулыны қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынды.

Алқалы отырыс соңында қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы сайланды. Бұл процедураға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов арнайы қатысып, көпшіліктің атынан осыған дейінгі үш ай бойы төрағалық еткен Шалатай Мырзахметұлына қоғамдық еңбегі үшін алғыс айтты, сый-сияпат табыстады. Бахадыр Мәдәліұлының бұрынғы төрағаға жаңа төрағаға үміткерді алдымен ұсыну құқығы беру туралы ұсынысын көпшілік қолдап, Шалатай Мырзахметұлы қоғамдың кеңестің төрағалығына Бауыржан Әлтеевті ұсынды.

Бұл ұсынысты да кеңес мүшелері бірауыздан қабылдап, Бауыржан Әлтеев алдағы бір тоқсан бойы қоғамдық кеңес жұмысына төрағалық етеді. Жаңа төраға көпшілікке алғыс білдіріп, жауапкершілігі мол жұмыста сенімді ақтауға уәде берді.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев
Фото – Серік Қосаев

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған