• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ

23.06.2022
in Басты ақпарат
АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері зияткерлік меншік құқығын қорғаудың заңнамалық базасы қалыптасты. Зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Десе де заң саласының ғалымдарының айтуынша авторлық құқықты насихаттау іс жүзінде жоқ. Авторлар өз құқықтарын мүлдем білмейді, авторлық құқықтың дұрыстығына сенбейді. Авторлық құқық, ең алдымен, кәсіпкерлік туралы заң екенін түсіну керек.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025

Авторлық құқықты бұзу көбінесе кәсіпкерлердің заңдарды білмеуінен болады. «Қарақшылық» деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, зияткерлік меншік иелері орасан зор шығынға ұшырайды. Заңды бұзушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 100-ден 15 мың АЕК-ке дейінгі зиянды өтейді.
Авторлық құқық туралы құжатқа келетін болсақ, оны алу өте оңай, ол үшін Әділет министрлігі жанындағы зияткерлік меншік құқығы комитетіне өтініш беру керек. Сонымен қатар, сіз тікелей туындының өзін және автор екеніңізді растауыңыз керек.

Авторлықты растау үшін кейде автордың өзіне қатысты ашылмаған жайтты, туындының көшірмесін немесе түпнұсқасын, автор туралы мәлімет пен туынды шығарылған күнді көрсету жеткілікті. Алайда көп жағдайда автор сотқа немесе мемлекеттік органдарға өзінің авторлық құқығын қорғауға жүгінгенде мұндай растау жеткіліксіз, авторға қойылатын сұрақты бірі – авторлық құқығын тіркегенін растайтын құжат бар ма? Мұндай жағдайда автор алдын ала ойластырып, өзіне қажетті құжаттарды реттеуі керек.

Туындыға авторлық құқық иелене отырып, өзінің туындысын үшінші бір тұлғалардың пайдалануына рұқсат бере алады, сондай-ақ тыйым да салады. Туындының тіркелгені туралы куәлікті ала отырып оны салық, кеден, құқық қорғау органдары мен сотқа көрсете алады. Авторлық құқықты ресми тіркеу туындыны ақшалай бағалауда да қажет.

Туындыны тіркеу бірнеше себепке байланысты орынды:

  • тіркеудің өзі куәлікте көрсетілген нысан әдебиет және өнер туындысы болып саналатынын растайды, авторлық құқық нысаны ретінде қорғалады;
  • туынды авторының жеке бас мәліметі көрсетіледі және сол автор (авторлар) сот басқаша шешім шығарғанға дейін автор болып саналады;
  • Шығарманың туындаған күні бекітіледі, ал туындының уәкілетті органға түскен күні ең болмағанда сол уақытта туындының бар болғанын растайды;
  • Аталған туындының мүліктік құқығы кімге берілгені көрсетіледі. Егер сол құқық авторға тиесілі болмаса көрсетіледі;
  • Авторлық куәлікті мемлекеттік орган береді және ресми мөрмен бекітіледі, сот оны растау және авторлық құқық тиесілі екенін дәлелдеу ретінде қабылдайды;
  • Тіркеу туралы куәлік болғанда авторлық құқық бар және иеленетінін растайтын келісімшарт (еңбек, құқық беру және т.б. туралы) көрсетудің қажеті жоқ, себебі бұл мәліметтің барлығы куәлікте жазылған;
  • Тендерлерге қатысқан кезде авторлық құқықты куәлікпен растау талап етіледі;
  • Авторлық құқықтың бар болуы құнын білу үшін авторлық құқық бағалаушыларына жүгінгенде қажет;
  • Туындының өзі уәкілетті органда сақталады, дау кезінде, мысалы сот «даулы» шығарманы авторлық құқықты тіркеу туралы өтінішпен бірге берілген нұсқамен салыстыра алады.

Сонымен қатар автор мен өтініш берушінің өтініші негізінде берілгені көрсетілетін куәлік, ақпарат авторлық құқық берілгенін растайды, Қазақстанда ғана емес, шет елде де баспа, мемлекеттік және жеке меншік мекемелер мойындайтыны сөзсіз.

Қазақстанда ҚР Әділет министрлігі тіркеуші орган ретінде саналады. Барлық жағдайда тіркелетін құқық нысанына сараптама жасалмайды, бұл тіркеу емес, депозитке сақтау болып саналады, құқықтың мұндай жүйесі өте пайдалы.

З.АЙТЖАНОВА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданаралық әділет басқарма басшысының м.а.

ҚР «Заңгерлер одағының» мүшесі.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған