• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҮРКІСТАН: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

23.06.2022
in Басты ақпарат
ТҮРКІСТАН: «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Елдегі күрмеулі әрі шешілуі уақытты талап ететін мәселелердің бірі — жайылым жер. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норма референдум арқылы Конституцияда біржолата бекітілді.. Осыған орай заңсыз жеке меншікке өткен және пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, халыққа әділ үлестіру мақсатында «AMANAT» партиясы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған еді.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025

Бүгін аталған комисия өкілдері Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Ордабасы ауданында шаруалармен кездесті. «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Ерлан Саиров және Жанарбек Әшімжан Түркістан, Кентау қалалары және Сауран ауданының атқарушы органдарының басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілерімен кездесу өткізіп, жайылым жер мәселесін талқылады. Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы М.Теміржанов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Б.Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаев қатысты.

Түркістан облысы бойынша жалпы жайылым жер көлемі – 8 864,7 мың гектарды құрайды. Негізгі мәселе, елді мекендердегі жұртшылық шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығы. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілеген әрбір ауылдық округтер бойынша жүргізілген талдау жұмыстары жайлы баяндады. Талдау нәтижесінде есептік мерзімге жайылым тапшылығы – 3 119,8 мың гектарды құрап отыр. 2021 жылы 133 елді мекенге 135,8 мың гектар жайылым жер ортақ пайдалануға бекітіліп берілген. Биыл бұл көрсеткішті қосымша 1012.0 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда.

— “Жер аманаты” Комиссияның құрылғанына 2 күн болды. Жұмысмыз Түркістан облысында бастау алып отыр. Осыған орай Түркістанда да облыстық комиссия құрылса деген ұсынысымыз бар. Оған шаруалардың атынан да ұсыныс айтатын азаматтарды енгізу керек. Заң ол адам үшін жазылу керек және оны бірге өзгерту керек. Сол үшін партияның фракциясында толық қаралады. Мұнда айтылған мәселелерден хабардармыз. Филиалдардың қоғамдық қабылдауларында көп көтеріледі өйткені халық саны тығыз орналасқан. Сондықтан шешілуін жан-жақты қарастырамыз. Бірақ Оңтүстік өңірде латифундисттік әрекеттер аз екеінін байқаймыз. Бұл проблемаларды бір партия немесе бір фракция шешпейді, бұған барлығымыз атсалысуымыз керек- деді Д.Кәрібек.

Мәжіліс барысында Е.Саиров пен Ж.Әшімжан да өз ойларын ортаға салып, халықтан жалпылама емес нақты ұсыныстар түскен жағдайда Заңға өзгерістер енгізу жолдары оңтайланатынын жеткізді. Ал, Ұ.Тәжібаев 152 елді мекеннің мәселесін тиімді шешу мақсатында биыл түгел 1 млн. гектар жерді халықты қол жеткізуіне жұмыс жасалып жатқанын мәлімдеді. Түркістан облысы әкімі апта сайын әр аудан, қаланы аралау барысында жайылым мәселесіне назар аударуда. Яғни жақын арада шаруалардың талап-тілегі орындалады.

Жиын соңында қатысушылар жайылым мәселесін шешу жұмыстарын күшейту, қоғам пікірін ескеріп, шаруалардың ұсыныстарын кезеңімен орындауға күш салуға уағдаласты. Мал шаруашылығы жақсы дамыған өңірде жергілікті әкімдіктермен бірлесе жұмыс жалғасады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған