• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Судья — әділдіктің айнасы

05.06.2022
in Құқық-заң
Судья — әділдіктің айнасы

Сот билігін Қазақстан Республикасының атынан тек сот қана жүзеге асырады.Соттардың толық тізбесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңда айқындалған. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, құқықтық мемлекет ретінде орнығуында сот жүйесінің алар орны ерекше.
Қазақ тарихында би — сот төрелігін шынайы жүзеге асыруда әділ билігімен танылған. Сот ісін жүргізгенде істің күрделілігі мен екі жақ тараптардың ықылас мүдделеріне баса назар аударған. Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялылықты қатаң сақтай отырып, дәлелдеу қортындысында екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп емес екі жаққа да шындықты мойындата білген. Халық алдында өзінің шынайы шешімімен тараптарды татуластырса ғана әділ ісімен даңқы артқан.
Сот реформасының түпкі мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігін іске асырарда Конституцияда белгіленген қағидаттарды қатаң басшылыққа алуды, судьяның көрсеткіштер мен статистикаға байланып қалмауы керек екеніне назар аударды.
Судьяның шынайы тәуелсіздігі заңды қатаң сақтауы мен өзі қабылдаған шешімнің дұрыстығы мен әділеттігіне сенімділігіне негізделеді.
Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ НЫСАНДАРЫНА 20 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

20.05.2025
СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІЛДІГІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Конституциялық соттың ерекшелігі 

18.05.2025
Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

Жеңіс күні – елдік пен ерліктің ме­ре­кесі!

12.05.2025

Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпелейтіні баршамызға белгілі.
Ал сот актісі – судьяның кәсіби біліктілік дәрежесі мен білімінің көрсеткіші болып табылады. Ол халық үшін жазылғандықтан оның халыққа түсінікті жазылуына назар аударды.
Соттардың ең басты қағидалары сот әдебі кодексінде нақтыланған. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп кодексі» ережелерін бұзу судьяны заңға сәйкес тәртіптік жазаға тарту үшін негіз болып табылады.
Аталған кодекс он бес баптан тұрады және әдеп нормаларын сақтау туралы судьялардың жүріс-тұрыстың қағидаларынан тұрады. Бұл кодекстің қағидалары жұмыс істеп жүрген судьялар мен отставкадағы судьялар үшін міндетті. Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, судья берген антына берік болуға, қоғамдық қызмет пен тұрмыстық жағдайда кез-келген әрекеттерді жүзеге асырған кезде, әдепсіз жүріс-тұрыстың көріністеріне жол бермей, судья лауазымының жоғары мәртебесіне лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауы тиіс.
Судья сот билігінің беделін түсіруге әкеп соғуы және судьяның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттерден аулақ болуы қажет.
Судьяның кәсіби міндеттерін атқарған кездегі жүріс-тұрысы судьяның адалдығы мен сатылмайтындығы туралы қоғамның сенімділігін қалыптастырып, нығайтуы тиіс.
Судья сот отырысын жүргізудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етуге, өзін лайықты, әдепті ұстауға және тараптармен процеске қатысушылардан сондай қарым қатынасты талап етуге және олардың күмәнін туғызбауы үшін шаралар қолдануға тиіс.
Сот жүйесі мемлекеттік биліктің бір тармағы болғандықтан, судья халықтың ары және әділдіктің айнасы болу жолында судьяға қойылар талап уақыт ағымымен ұдайы жетіле бермек.
Гүлмира СЕБАЕВА,
Шымкент қаласының мамандандырылған Тергеу сотының кеңсе меңгерушісі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21.05.2025
Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті 

20.05.2025
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат      төрағаларымен кездесті

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы  Нұралы Әбішов аудандық және қалалық мәслихат  төрағаларымен кездесті

20.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған