• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫН РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

31.05.2022
in Басты ақпарат
«AMANAT»: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙ ХАЛҚЫН РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

Жетісай ауданының тұрғындары алдағы референдумға бір кісідей атсалысып, ел болашағының жарқын болуы үшін дауыс береді. Сондай-ақ, олар Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Жаңа Қазақстан мен жаңа қоғам құрудың алғы шарттарының бірі деп есептейді.

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025

Бүгін осы және өзге де өзекті мәселелер ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты, «AMANAT» париясының республикалық штаб мүшесі Сырым Ертаевтың Жетісай ауданының Жылы су, Қазыбек би, Жаңа ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесуінде әңгімеге арқау болды. Кездесулерге депутатпен бірге Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Т.Қаржауов жәге Т.Қырықбаев қатысып, жұртшылыққа үгіт жұмыстарын жүргізді.

Сырым Маханбетұлы ең алдымен Ш.Ділдәбеков ауылының тұрғындарымен еркін форматта кездесіп, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы жиналғандарға кеңінен әңгімелеп берді.

— Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу кезіндегі екінші республиканың көрініс табуы. Яғни, референдум – үлкен мүмкіндіктің алаңы. Ендеше алдағы науқанда бәріміз жұмыла өзгерістер үшін дауыс беруіміз қажет, — деді С.Ертаев.

Кездесудің мақсаты айқын. Ол — конституциялық түзетулер жобасын жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру және референдумды қолдауға шақыру. Сондай-ақ олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылау болатын.

Жалпы, Жетісай өңірі аграрлық аймақ саналады. Мұнда диқаншылар жыл сайынғы ағын су тапшылығының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырап келеді. Өйткені Өзбекстан елінен келетін ағын су көлемі жазғы маусымда азайып, егістік алқаптары нәрсіз қалуда. Одан бөлек, мұндағы ауыл шаруашылығы жерлерінің басым көпшілігі жер асты суларының көтерілуінен зардап шегуде. Яғни, сорланып, қуаттылығын жоғалтуда.

Диқандар және жергілікті тұрғындармен кездесулерде осы және өзге де сауалдарын жолдады. Білім саласының өкілдері де саяси өзгерістің өзектілігін ұғынғандарын жеткізді. “Сырдария” университетінің студенттері және белсенді жастармен өткен жиында олардың да үніне құлақ түрді. Кез келген 18 жасқа толған азамат референдумға қатысуға құқылы екені түсіндірілді. Сондай-ақ сапапы аясында “Асыл қазына және тең қоғам” әлеуметтік орталығының жұмысымен де танысып, ұжымымен, қариялармен әңгімелесті.

Республикалық штаб мүшесі Сырым Маханбетұлы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жиналғандарды 5 маусым күнгі референдумға жаппай қатысып, дауыс беруге шақырды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы шешімін қолдау мақсатында облыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 18 штаб құрылған. Штабтардың құрамына ел арасында абыройы бар, белсенді партия мүшелері мен мәслихаттардың депутаттары енген болатын. Облыс бойынша штаб мүшелерінің саны 475 адамды құрайды. Оның 49-ы обылстық штаб мүшелері, 425-і аудандық, қалалық деңгейдегі штаб мүшелері.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰРАПЫЛ СОҒЫСТЫҢ ҚАРТ МАЙДАНГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

08.05.2025
«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

«Пакетная фабрика» ЖШС қағазды қайта өңдеуді дамытуға жеңілдетілген қаржы алды

08.05.2025
ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

08.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған