Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ел тарихындағы маңызды шараға әрбір қазақстандықтың қатысуы аса маңызды.
Осы ретте ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының, Сайрам көмекші мектеп интернатының ұжымымен және тұрғындармен кездесу өтті. Басқосуға «AMANAT» партиясының референдумды қолдау жөніндегі Республикалық штаб мүшесі, ақын, «Қаратау» өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов, мәслихат хатшысы, әрі Республикалық штаб мүшесі Жадыра Таңатарова, «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ә.Иманқұлов қатысты.
«Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілетін болады. Соған сәйкес еліміздің байлығы – жер, оның қойнауы, қазыналары халықтың меншігі екені заңмен бекітіледі. Сонымен қатар халықтың өміріне тікелей әсер ететін біраз мәселелер төңірігенде шешім шығаруда Парламенттің рөлі күшеймек. Яғни, Президент өкілеттіктерінің біршама бөлігі Парламентке беріледі. Ал Парламенттегі депутаттар халық арқылы сайланады. Бұл дегеніміз осы жылдың 5-маусымына жоспарланған бұл шара Қазақстан халқына мол еркіндік беруді мақсат етіп отыр» деді штаб мүшесі Біржан Байтуов.
Кездесуде штаб мүшелері референдум төңірігенде құнды ақпарат беріп әрі барша тұрғынды дауыс беруге шақырды.