• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 7 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстанның негізі болады

30.05.2022
in Басты ақпарат
Жалпыхалықтық референдум – Жаңа Қазақстанның негізі болады

Жаңа Қазақстанды құрудың жарғысы — Ата Заң екендігі анық. Ол үшін мемлекетіміздің басты құжаты да түбегейлі өзгеруі тиіс. Бұл жолда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдум жариялау арқылы шешім қабылдауды бүкіл халыққа салып отыр. Басты мақсат — тағдыршешті шешімдерді анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысуы қажет. Сондықтан 5 маусым — ел тарихында аса маңызды сәт болғалы тұр.
Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу жобасын Парламентте қабылдамай, жалпыхалықтық референдумға шығару туралы Мемлекет басшысының шешімі демократиялық қайта құрулардың нақты жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының бастамасы ел ішінде қызу талқыланып, көпшіліктен қолдау табуда.
Жалпыхалықтық референдумда Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау қажеттілігі туындап тұр. Олардың ішінде бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру және басқа да біршама өзгерістер бар. Егер реформалардың бүкіл пакетіне мұқият, ең бастысы, бейтарап қараған сәтте, өзгерістер ауқымының бұрын-соңды болмағанын көруге болады.
Біріншіден, Мемлекет басшысы жүргізіліп жатқан реформалардың міндетін нақты белгілеп – билік институттары арасында түбегейлі жаңа конституциялық тепе-теңдік қалыптастыру екенін нақты атап өтті. Қазір суперпрезиденттік биліктің уақыты өтті, қазір еліміздегі ахуал мүлдем басқа. Тұтастай алғанда, бұл оның елдегі барлық қоғамдық процестерді демонополиясыздандыру жөніндегі ағымдағы саясатының қисынына сәйкес келеді.
Ең бастысы — ешкімде артықшылық болмауы керек. Бұл тек экономикаға ғана емес, саясатқа да, оның ішінде Президенттің өзіне де қатысты. Бұл туралы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында кең көлемде айтып өткен болатын.
Президенттің қолында билік өкілеттіктерінің шоғырлануы тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде, алғашқы нарықтық реформаларды жедел жүзеге асыру, мемлекеттік шекараны ресімдеу және т.б. кезде қажет болды. Ал, бүгінгі таңда ел алдында тұрған міндеттердің сипаты түбегейлі өзгерді. Бұрынғыша барлық жауапкершілік пен шешімдер тек бір орталыққа бағытталған модель енді жұмыс істемейді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылымы едәуір күрделене түсті. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде қоғамның талабына сәйкес тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Ең бастысы — саяси жүйе де осы өзгерістерге сәйкес келуі тиіс. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы жүйені «өзі үшін» емес, керісінше қазіргі заманның ақиқатына бейімдеп, оның ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыра отырып құрастыруда.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

ТӘЖІБАЕВ БЕЙСЕН ДӘУЛЕТҰЛЫ,

«AMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының
Атқарушы хатшысы,
облыстық штаб төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

ҚАРАТАЙДЫҢ ГҮЛДІ ӨРІСІ – САУРАНҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

06.07.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы

06.07.2025
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

06.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған