• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 3 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Түркістан: Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

23.05.2022
in Басты ақпарат
Түркістан: Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен Арыс қаласында Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өтті.
ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман арнайы келіп, Арыс қаласында орналасқан референдум учаскелерінің жай-күйімен танысты.
Одан кейін Мәдениет үйінде жиналған халықпен кездесіп, аумақтық референдум комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы семинар-кеңес өткізді.
Нұрлан Әбдіров кездесуде референдумның мемлекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда өтетін референдумды өткізудегі ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.
Жиын барысында «Референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы» Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы аумақтық референдум комиссиясының Төрағасы Әлібек Өмірәлиев «Референдум күнін ұйымдастыру және дауыс беру учаскелерінде референдум комиссияларының қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Түркістан облысы әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы», Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков «Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Орталық референдум комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Жалмұрзаев «Республикалық референдум қарсаңындағы үгіт және дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу туралы» тақырыбында БАҚ өкілдеріне ақпарат берді.
Жиналыстан кейін, ҚР Орталық референдум комиссиясы референдум учаскелеріндегі жұмысты үйлестіру бойынша Ордабасы, Отырар аудандарына сапар шекті.
Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Оқи отырыңыз...

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ МАУСЫМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ МАУСЫМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

02.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

ҚАЛАМЫЗДА ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

02.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ МАУСЫМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 40-ҚА ЖУЫҚ МАУСЫМДЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛАДЫ

02.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған