• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 13 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

18.05.2022
in Басты ақпарат
АҚҰШТАП БАҚТЫГЕРЕЕВА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қазақ поэзиясының ақ шағаласы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қонақта болды. Ақұштап Бақтыгерееваның есімі елімізге лирикалық жырлардың, өткір публистикалық мақалалардың авторы ретінде белгілі. Рухани кездесуге оқу ордасының ұжымы мен студенттер қатысты. Алдымен ақын «Мұхтартану» орталығында болып, профессор-оқытушылар құрамымен жүздесті.
Ұлттық поэзиямызды «Өрімтал», «Наз», «Қуанышым іңкәрім», «Сені ойлаймын», «Ақ қанат», «Бақыт әні», «Жайық қызы», «Ақжелең», «Сүмбіле», «Ақ шағала» сынды жыр жинақтарымен байытқан Ақұштап Бақтыгереева – қазіргі қазақ поэзиясының белді өкілдерінің бірі. Студент-жастарымыз Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына қанық десек де болады. Олар әдеби-сазды кеште ақынның өлеңдерін тебірене оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндерді шырқады, жастық шағынан сахналық қойылым көрсетті. Ақынға көкейінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын да алды.
«Филология» факультетінің 2-курс студенті Азамат Тұрсынбай ақынға өз арнауын арнап, көпшілікті сүйсінтті.
–Жүрегі жылы, көңілі нәзік қазақтың қыз-жігіттерінің арасынан талантты да дарынды жастардың көбейгеніне қуаныштымын, — деп ақын жастарға ризашылығын білдірді.
Ақын ұлттық құндылықты қастерлеу, ұрпақ тәрбиесі, ананың қоғамдағы ролі жайындағы ойларын өлеңмен өрді.
– Болашақ ұрпаққа сіздің қарулы сөздеріңіз дем береді. Шығармашылығыңыз ешқашан мұқалмайтынына кәміл сенімдіміз. Алдағы уақытта университеттің студенттері мен магистранттары сізбен көбірек байланыста болады. Басты мақсатымыз Алдағы уақытта сіздің шығармашылығыңызды зерттеп, оны ғылыми айналымға түсіруді жопарлап отыр, — деді М.Әуезов атындағы ОҚУ- ректоры Дариға Пернешқызы.
Кездесу соңы ақын оқытушылар мен студенттерге жыр жинағын сыйлап, қолтаңбасын жазып берді.
Айдана МҰХТАРОВА

Оқи отырыңыз...

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

12.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

ЦИФРОВАЯ ТРАНСФОРМАЦИЯ — ШЫМКЕНТ: ОТ УМНОГО ГОРОДА К ПЕРЕДОВЫМ ТЕХНОЛОГИЯМ БУДУЩЕГО

11.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған