Дайындық пен өткізу шарасына Орталық сайлау комиссиясы жауапты. Жоспарға сай 15 мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері жарияланады.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін әкімдер 15 мамырға дейін беруі тиіс. Ал 16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күнін хабарлайды.
📍Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.