Еңбекші ауданына қарасты Солтүстік-шығыс шағын ауданында 480 үй бар. 3 балабақша жұмыс жасайды. Шағын аудан ауыз су, электр, газ, интернетпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында аудан әкімі баяндады.
Мұндағы тұрғындарды бүгінде кәріз жүйесі және түнгі жарықшамдар мәселесі алаңдатады.
Кәріз жүйесінің құрылысын «ГАЗОВОЕ ХОЗЯЙСТВО ШЫМКЕНТГАЗ» ЖШС мекемесі жүргізуде. Жыл соңына дейін 480 абонентті кәріз жүйесіне қосу жоспарланған.
7 көшенің төртеуі асфальтталған. Осы жылы – Аманқарағай, 2023 жылы — Ақша тау, 2024 жылы — Жұмабеков көшелеріне асфальт төселеді.
7 көшенің біреуі жарықтандырылған. Бұл жылы – Үшөзен, 2024 жылы – Кербұлақ, 2025 жылы – Ақша тау көшелеріне жарықшамдар қойылмақ.
Шағын ауданда №10, 150, 75, 27, 67 бағыттағы қоғамық көліктер қатынайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі