• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

28-ші сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

28.04.2022
in Басты ақпарат
28-ші сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) тарапынан 28 сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жарияланған және бұл күн әлемнің барлық елдерінде атап өтіледі. Қазақстан Республикасы ХЕҰ-на 1993 жылдан бастап мүше болып табылады. 2005 жылдан бастап Қазақстанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілуде.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тарихы 1989-жылдан бастау алады. Сол жылы америкалық және канадалық жұмысшылар өндіріс орындарында мерт болғандарды еске алу мен жарақат алғандарға үкімет тарапынан қолдау көрсету жөнінде бастама көтерген. Бұл акция Жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, жұртшылықтың назарын еңбекті қорғаудың шешілмеген проблемаларына аудару мақсатында өткізіледі, сондай-ақ осы проблемаларды шешуге ықпал етуге бағытталған.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні – бұл өндірісте қаза болғандарды еске алу күні, жұмыс орындарында өлімнің, жарақаттанудың және аурулардың алдын алу үшін барлығын жасауға дайындық күні. Біздің әрқайсымыз: жұмыс берушілер мен қызметкерлер еңбекті қорғаудың әлсіз мәдениеті барлық өндірістік жұмысқа теріс әсер ететінін түсінуіміз керек.
Еңбекті қорғаудың басты мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау болып табылады. Адамдар — ең құнды ресурс, сондықтан адам өмірін сақтау және қамқорлық барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс берушілердің басты міндеті болып табылады. Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейі -адамдардың денсаулығы мен өмірінің сенімді кепілі.
Әлем бойынша күн сайын бірнеше мыңдаған адам өндіріс барысында жазатайым не аурудың салдарынан көз жұмады екен.
Өзіміздің өміріміздің үштен бір бөлігін жұмыс орнымызда өткіземіз, қоғамымызды дамыту үшін өзіміздің үлесімізді қосамыз. Егер де жұмыс орнымызда қауіпсіздікке душар болатын жағдайлар жиілейтін болса, еліміздің әлеуметтік — экономикалық дамуының негізі төмендейтіні тағы белгілі. Жұмыс орнында қызметкердің денсаулығы мен өмірін сақтау еңбек заңнамасының құзырымен шектелмеу керек. Бұл жауапты істе жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауы-негізгі міндеті болса, жұмыскердің де өз жұмыс орнында өрескел заңбұзушылықтарға бармауы қадағалануы тиіс. Яғни, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуде, еңбек қатыстарының тараптарының жауапкершілігі бірдей десе де болады.
Әрине, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер саны жағынан біздің қаламыз алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі болғандықтан, олардың барлығына бақылау жүргізу мүмкін емес екені түсінікті. Бірақ, біздің мақсатымыз жұмыс берушілердің, қызметкерлердің, қоғамдағы өндірістік жарақаттану мәселесін және қолайсыз еңбек жағдайларын болдырмауға назарларын аудару.
Қаламызда жылдан жылға статистика бойынша жұмыс орнындарында зардап шегушілер мен қаза болатындар саны азайып келе жатқанымен, бұл мәселені ұдайы бақылауда ұстамасақ, оның соңы қайғылы жағдайларға апарып соғатыны белгілі.
Сол себепті, айтулы күнді бүгін қаламыздағы Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысында атап өтіп, онда 2021 жылдың қорытындысымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізгендер марапатталды. Атап айтқанда:
1. «Үздік қауіпсіз кәсіпорын» номинациясы бойынша «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Шымкент» Магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалы
2. «Үздік еңбекті қорғау қызметі» номинациясы бойынша «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Шымкент өндірістік филиалының Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология қызметі
3. «Үздік еңбекті қорғау инженері» номинациясы бойынша «Энергопоток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі тобының бастығы Нурмаханов Кайдарбек Байгараевич марапатталды.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған