• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27.04.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуді қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып берді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасымен жергілікті атқарушы билік және мемлекеттік орган басшылары тұрғындар алдында есепті кездесу өткізіп келеді. Биылғы ерекшелік – қала және аудан әкімдері халықпен жыл соңында емес, әр тоқсан сайын жүздесуде. Соның нәтижесінде өзекті мәселелер мен проблемалар айқындалып, оның шешу жолдары баяндалады. Шымкент қаласының аумағы әр аудан, әр секторға бөлініп, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы сол кесте бойынша тұрғындармен кездесу өткізуде, – деді Бахадыр Нарымбетов.
Бұдан кейін есепті кездесудің регламенті белгіленіп, қала әкімі 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Мұрат Дүйсенбекұлының мәліметінше, бұған дейінгі кездесулерде жалпы саны 454 мәселе көтеріліп, бірқатары шешімін тапса, қалғандары бойынша тиісті жұмыс атқарылуда.
– Пандемия салдарына қарамастан, Шымкентте 2021 жылы барлық салада оң нәтижеге қол жеткіздік. Соның ішінде, мегаполис үшін маңызды жұмылдырылған инвестиция көлемі былтыр 60 пайызға көбейді. Бұл – үлкен жетістік. Енді қалаға құйылатын инвестиция көлемін биыл тағы 15 пайызға арттыру жоспарлануда. Бүған қоса, қала экономикасының ірі саласының бірі – құрылысқа тоқталсақ, Шымкентте бұл салада жалпы 1 триллион теңге айналымда жүр, – деді Мұрат Әйтенов.
Қала әкімі, сонымен қоса, экономиканың дамуына үлес қосатын индустриялық аймақтарда ірі жобаларға да бөлек тоқталды.
– Шымкенттегі бірнеше индустриалды аймақта ірі жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде арнайы тоқтала кететін жайт – Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкентте жеке индустриялық аймақ жүзеге асырылмақ. «Стандарт» аймағында инвестор өз қаржысына қоймалар салып, 96 жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Ондағы ерекшелік, шағын және орта кәсіп иелері осы индустриялды аймақтан кәсібіне қажет жайларды жалға алғанда оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда бірінші жылы жалға алу ақысының 75 пайызы, екінші жылы – 50 пайызы, ал үшінші жылы 25 пайызына мемлекеттік бюджеттен субсидия бөлінеді. Оған қоса 1 пайызбен несие беру де қарастырылған.. Бұлар – кәсіптің дамып, аяққа тұрып кетуіне көрсетілетін қолдау, – деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы есепті кездесуде қаладағы барлық салада атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы жылдың жоспарына тоқталды. Бұдан кейін Қаратау ауданының әкімі Рахымберді Мүлкеманов баяндама жасап, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Есепті кездесу соңы сұрақ-жауапқа жалғасты. Өздерін толғандырған мәселені көтеріп, жауабын білгісі келетін тұрғындардың ешқайсысына шектеу қойылмай, микрофон кезегі ұсынылды.
«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Оқи отырыңыз...

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Түркістанда Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ЖАУАПТЫ МІНДЕТ

27.04.2026
Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

Шымкентте негізгі практикалық емтиханға дейін дайындықты тексеруге болады

27.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ:  476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

МҚІА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ: 476 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

27.04.2026
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ТОҚСАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

27.04.2026
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТАҒЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған