Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нуржан Қаракозев @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» жөнінде баяндады.
Өткен жылы елімізде 319 адам суға батқан, оның ішінде 118 бала. Ал, Шымкент қаласында су айдындарында шомылу маусымы кезінде 2 адам қаза болған.
Биыл осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін шомылу маусымы алдында ТЖ депатаменті Полиция департаментімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын қолғаалынған.
Қала аумағында суға шомылу кезеңінде қауіпсіздік шаралары үшін бірлескен рейд жүргізуге Полиция департаменті, ҚР Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімі, Білім басқармасы, «Jas Otan» жастар қанаты, «Жастар» ресурстық орталығы басшыларымен келісіліп, Төтенше жағдайла департаментімен бекітілді.
Қалада әкімдіктің арнайы қаулысы негізінде суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 орын бар. Оның үшеуі ресми түрде шомылуға рұқсат етілген. Олар:Тоғыс су қоймасының «Холодильник», Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы.
Қазір шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде адамдардың өлімінің алдын алу мақсатында, Департамент аудан әкімдерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған 13 орынды
анықтады.
Нуржан Қаракозев шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын да жеткізді.
Эфир басырысында тұрғындардан 10-ға жуық ұсыныс пен сұрақ келіп түсті. Тұрғындар жазда балалар тыйым салынған аумақтарда шомылатынын айтып, олардың өмір қауіпсіздігі үшін рейдтік шараларды көптеп ұйымдастыруды сұрады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі