Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Терме — өсиет бұлағы» атты республикалық жаңа термелер байқауы өтуде.
—Байқаудың мақсаты— жыр-термені жас ұрпақтың санасында жаңғырту, жас ақын-жыршылардың шығармашылығына қолдау көрсету және төл өнердің жаңа есімдермен толығуына үлес қосу. Терме сайысында сөз мағынасына және жаңа мақамға көңіл бөлінеді. Республика бойынша келіп түскен 32 терменің ішінен 10-ы іріктелініп, осы байқауда жеңімпаздар анықталады. Бұл байқау өміршеңдігін жоғалтпайтын жоба болады деп сенемін,- деді Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов.
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған термешілер сайысының жеңімпаздары қомақты жүлделермен марапатталмақ.
«Шымкент келбеті»-Әнуар ЖҰМАШБАЕВ