«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы білім-ғылымы толысқан, үздік маман, нағыз үлгі боларлық жандарды көпшілікке насихаттайтын айтулы жобалардың біріне айналды.
Бүгінгі таңда «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты – олардың елге, қоғамға сіңірген еңбегін көрсету, жастарға насихаттау. Өйткені, жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері ие боларлықтай үлгі ұсынуымыз керек.
Әдетте біздер өскелең ұрпаққа еңбектеніп жүрген азаматтардың өнегелі өмірін жиі үлгі етіп жатамыз. Алайда, өзі өмірден өтсе де ұрпағына ұлағатты тәлім-тәрбие қалдырған, қиын-қыстау кезеңнен сүрінбей, еңсесін тік ұстап, ғылым мен білімнің нәрімен сусындаған адамдар жайлы да айтып отыру парызымыз деп ойлаймын. Олардың еңбек жолы, өмірі, бұралаңы көп тағыдыры жайлы сыр шерте отырып, бүгінгі жастардың зердесіне құяр өсиет көп. Кешегілер жайлы оқып білу арқылы бүгінгі буын болашағына бағыт болар тағлымды ой түйері сөзсіз.
Сол себептен де мен бүгін Шымкенттегі Қазақ химия-технология институтының «Электротехника» кафедрасының доценті болып еңбек еткен ардагер ұстаз, жүздеген шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, жастардың өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, менің әкем – Алтынбеков Құлжабай туралы сөз еткім келеді.
Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.
Ұлы Абайдың адамзатқа қаратып айтқан осы бір шумақ өлеңінде қанша мән-мағына жатыр. Өмірдің ұзын көшінде дәмі таусылып, 52 жасында мәңгілік мекеніне қайтқан Құлжабай Алтынбековті Түлкібастықтар мен Шымкент қаласының зиялы қауымының үлкен-кішісі ұмытқан жоқ. Ақын айтқандай, жиырма алты жыл бойы көзден кетсе де, көңілдерден өшкен жоқ. Мұның сыры жақсы адамның ғұмырының мағыналығында, жер бетіне қалдырған соқпағының айқындығында еді.
Менің әкем – Алтынбеков Құлжабай 1944 жылы 25 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Қайыршақты ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, жетім өскен әкем әжесінің тәрбиесінде болған. Жастайынан зерек болған деседі білетіндер. «Болар бала он бесінде баспын дер» дегендей, ерте ат жалын тартып мінді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылда еңбек жолын тракторшы болып бастайды. Адал еңбектің арқасында жас болса да өз ортасында сөзі өтімді, беделді болады. Жоғары білім алу керектігі оның қол қусырып, барға қанағат тұтып отыруына жол бермеді. Ол үнемі ізденісте жүреді, қалайда жоғары оқуға түсуді армандайды.
Оқуға түсуге дайындалып жүріп, тапқан табысы ішер ас пен киер киімнен артылмайтынын ойлап, оның да амалын қарастырып қояды. Қаржы тапшылығы оған қолбайлау болып, сағын сындырмады. Білім алсам, ұстаз болсам деген арманының биіктігі сонша әкем поезға билет алуға ақшасы болмағандықтан бір жүк вагонының үстіне мініп барады. Құлап кетпеу үшін вагонға белін жіппен байлап, Қызыл-Ордаға аттанады. Жолы болып, физика-математика бөліміне конкурстан өтеді. Білімге қызығып барған әкем үш пар сабақта зейін қойып тыңдап, тамақтың орнына бөшкедегі қара суды нәр еткен. Сөйтіп жүріп, Лениндік стипендиясының иегері болып, 1966 жылы Қызыл-Орда педагогикалық институтын бітіреді.
Алтынбеков Құлжабай білім мен спортты қатар алып жүрді. Еркін күреспен айналысып, Кеңес Одағының спорт шебері атанады. Үнемі күрестен институттың, облыстың, республиканың мәртебесін көтеріп, көптеген жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атағын иеленді.
Ол 1970-1971 жылдары Киев мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, 1973 жылы Құлжабай Алтынбекович осы университетте физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын үздік қорғайды.
1974 жылы конкурс бойынша Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Электротехника» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады. Тәжірибелі маман ретінде аспиранттар даярлауға үлес қосты. Көптеген ғылыми мақалалар жазды. Заман солай болды ма, ол кезде тек «Электротехника» мамандығы бойынша емес, барлық салада оқу құралдары қазақ тілінде мүлдем болмады. Студенттер өз тілінде оқулықтарының тапшылығынан зардап шекті. Бұл жастардың білім сапасына кері әсерін берді. Сондықтан, әкем қазақ тілінде оқу құралын жаза бастады. Он жыл көлемінде осы мәселемен айналысып, үлкен нәтижеге қол жеткізді.
1985 жылы науқастануына байланысты Шымкент қаласына қайта оралды. Қазақ химия-технология институтының «Электротехника» кафедрасының доценті болып жұмысқа орналасып, өмірінің соңына дейін осында қызмет етті.
Әкем Құлжабай Алтынбекұлының жүрегі 1996 жылдың мамыр айында соғуын тоқтатты. Содан бері қанша уақыт өтті. Бәрібір жақсының есімі жылдар тасасында қалмайды екен. Ол дәуір алмасып, заман өзгерген сайын жаңғырығып, бір кездері қоғамының алдыңғы қатарында жүргенін, сонысымен де келешекке қызмет еткенін көрсетіп отырады.
Үлкен ағам Бақыт «Электротехниканың теориялық негіздері» атты монографиясын жарыққа шығарды. Қазір студенттер пайдаланып жүр. Әкемнің өмір бойы жинаған кітаптарын, оқу құралдарын, сөздіктерін Оңтүстік Қазақстан университетінің кітапханасына сыйға тарттым.
Әкем Құлжабай қай ұжымда еңбек етсе де, қызметтес әріптерімен жора-жолдастарының құрметіне бөленді. Ол кісі білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болатын. Әр студент өзіне осы игі істерден өнеге алса, ой-өрісін жаңғырта түсер ме еді?! Оның адамгершілігі, сабырлығы, имандылығы, мәдениеттілігі, өмірге деген құштарлығы өз алдына бір әңгіме.
Ол үнемі мұнтаздай болып, жарқырап жүретін. Жаны тазалықты сүйді.
Әкем осы қасиеттерімен отбасына да, айналасына да, замандастарына да үлгі болды.
Расында да әкемнің өмірі – өткенге тағзым, бүгінгіге құрмет, келешекке үлгі болары даусыз.
Гүлжан Құлжабайқызы АЛТЫНБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан университеті
Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасы,
филология ғылымының кандидаты.
Гүлжан Құлжабайқызы, керемет, расында да әкеңіздің өмірі – өткенге тағзым, бүгінгіге құрмет, келешекке үлгі болардай екен.
Орыны бар жоғалмас деген осы болар!
Керемет!
Керемет! Жастарга улгы болсын!!!
Рахмет!
Жаңа Қазақстанда ғылымға көңіл бөліп, жастар арасынан елге еңбегі сіңер осындай ұлы тұлғалар көбейсе деп тілейміз!
Атамыздың еңбегі ерен!
Алтыньеков Құлжабай ағаймен Қазақ химия технологиялық институтта бірге қызмет еттік. Мен басқа кафедрада жұмыс жасағанмен ол кісіні өте жақсы білемін.
Электротехника сабағы қызықты әрі түсінікті өткендіктен болар студенттер ағайды қатты силайтын. Нағыз үлгі тұтарлық азамат еді, ерте кетті жайы әрқашанда жанатта болсын деп тілеймін.
Алтыньеков Құлжабай ағаймен Қазақ химия технологиялық институтта бірге қызмет еттік. Мен басқа кафедрада жұмыс жасағанмен ол кісіні өте жақсы білемін.
Электротехника сабағы қызықты әрі түсінікті өткендіктен болар студенттер ағайды қатты силайтын. Нағыз үлгі тұтарлық азамат еді, ерте кетті жайы әрқашанда жанатта болсын деп тілеймін.
Ұлағатты ұстаздар өз білімін жас ұрпаққа жеткізіп, өмір жолына өз әсерін тигізгенде еліміздің болашағына зор үмітпен неге қарамасқа?! Біздің бүгінгі таңдағы мұгалім деген маманға көзқарасымыз, оларға деген құрмет пен сыйымыз әлі де өте төмен деңгейде! Біздің атамыз өзін өзі жақсы көретін жұмысына, жастарға берген бағдарына қарап отырып-неге сонша беріледі екен жұмысына, деп таң қалатынбыз. Уақыт өте, атамыз жай ғана бір оқушыны өмірге жетелеп емес, ұлт тағдырына, еліміздің болашағына ат салысқан ұлы тұлғаның қатарында екенін енді сезінгелі жатырмыз. Кеңес үкіметі кезеңінде техникалық мамандық бойынша қазақ тілінде кітап жазуы ұлт жанашыры екендігінің дәлелі екенін осыдан ақ түсінуге болады. Өкінішке орай өмірі қамшының сабындай қысқа болғандықтан, қазіргі заманда кітапханада жалғыз туындысы қалды. Қорытындыласақ: ұлт, елеміз биік шыңдардан көрінсін, тұрмысымыз жақсарсын деушілерге берер кеңесім — ұлағатты ұстаздарымызды қадірлеп, абыройын арттырып, бүкіл жағдайын жақсартсақ, болашаққа нық сеніммен қадам басамыз.
Құлжабай ағамызды жаста болсақ эақсы білеміз. Біздің бала кезімізде әр баланың арманы еді. Құжабай ағамыз сияқты күрестің қас шебері болу.
Ассалаумағалейкум Қазақ елі! Алтынбеков Құлжабай атамыздың алар орны төрде екенін айта кеткім келеді. Құлжабай атамыз ғылым мен спортта үлкен жетістіктерге жетіп қана қоймай, артына шәкірттерімен өшпес із қалдырып кеткен ұлы ұстаз. Атамыздың жаны жанатта болғай.
Құлжабай ағай менің ағам Әмірхан Байжановпен бірге Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы пединститутында оқыған. (Қазіргі Қорқыт Баба атындағы университет) де еркін күреспен айналысқан еді. Кейін мен КазХТИ ға 1973 жылы оқуға түстім. Құлжабай ағай өзі еркін күрестен ССРО ның спорт шебері, әрі физкафедрада аға оқытушы, еркін күрестен тренер де болды. Біз Қазақстан жастар құрамасының еркін күрестен мүшесі болдық. Құлжабай, Серік, Балтабай ағайлар тренеріміз болды. Бір жылдан кейін ағай 1974 жылы Таразға ДГМИ ға ауысты. Шымкентте квартирада 5 қабатта тұрған еді. Үйін спортсмен палуандар көшірістік. Ағаларымыз мықты азаматтар еді. Қазір екеуі де бұл дүниеде жоқ. Шын дүниесіне аттанып кетті. Марқұмдардың жандары жәннатта, тәндері рахатта, жатқан жерлері жарықта, жайлы болсын!
“Екеуі де” — деп, оқыңыздар!
Осындай жандар көп болсын!
«Артында бар оңалар» деген осы. Артында әке өсиетін, білімін жалғастырар алтындай ұл-қыздары бар жақсы ағамыздың рухы мәңгі тірі!
Құлжабай атамыз расында көркем мінезді , парасатты ,бетке тұтар тұлға болған . Ғылымға сіңген еңбегі қаншама десеңші . Кішкентайымыздан әр айтқан өсиетін тоқып өстік . Өзіміз перзент сүйіп , өсіп -өніп отырсақ та әлі күнге дейін атамыздың тәлім — тәрбиесі біз үшін ереже болып , сүйекке сіңіп қалыптасқан .
Атамызды да , артында қалған отбасын да мақтан тұтамын !
Құлжабай атамыздың жаны Жаннаттық болсын !
Ассалам Алейкум Уа РаһматулЛаһи Уа Баракатуһ . Менің есімім Бауыржан Балтабайұлы. Құлжабай атаның інісі Балтабайдың ұлы боламын.Кезінде Құлжабай атамның маған берген өсиеттері мен тәрбиелері келешекте үлкен орын алды.
— өмір күрес
-екі қолыңмен жұмыс істе
-ерте тұр т.б
Әлі есімде еркелетіп мені Бәуфек деп атайтын.
Мақтам тұтам осындай атам барына.
Жаны жәннәттә болсын Раббым Аллаһ!
Ұстаздық — мамандық атаулының төресі. Ұстаз шәкіртіне білім мен ғылым нәрін сусындатып қана қоймайды, сонымен бірге, рухани байлыққа жетелейді. Құлжабай Алтынбекұлы — лайықты ұрпақ тәрбиелеген әке, қоғамымыздың дамуына маңызды үлес қосқан, өзі туралы жақсы естелік қалдырған тәлімгер. Өмірінде нағыз ҰСТАЗ жолықтырған адам бақытты. Өзім тәлімгерлерімді ризашылықпен еске аламын және ұстаздық жолымда шәкірттеріме үлгі болуға тырысамын. Абай Құнанбайұлы айтқандай адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
Ия өмірі жастарға үлгі болсын. Мен Божбанова Күләш Күзеркызы,келіні,досы,сырласы,нагашы жиен болып жүруші едік.Кұлжабай Алтынбекұлы мен Ырыжаннын 3ул 1кызы бар, ұрпақтарын ибалы, инабатты, тәртіпті тәрбие беріп өсіргені үшін мың алғыс. Құлжабайдың атын өшірмей, кітабын жарыққа шығарған Бақытжан Құлжабайұлына, өмірбаянын зерттеп, жастар тәрбиесіне атсалысып жүрген Гүлжан Қулжабайкызына, анасын бағып отырған кенже баласы Болат Қулжабайұлына рахмет айтамыз. Қулжабай Алтынбекұлы мен Мұрат Құлжабайұлының жатқан жері жайлы ,топырағы торқа болсын.
Бундай азаматтар тарих болып калатын, кейінгі ұрпакка үлгі болатын зиялы азаматтарғой. Жаткан жері жәнатта болсын.
Құлжабай ағамыздын иманы саламат, жаны жанәтта болсын!
Ұстаздық — мамандық атаулының төресі. Ұстаз шәкіртіне білім мен ғылым нәрін сусындатып қана қоймайды, сонымен бірге, рухани байлыққа жетелейді. Құлжабай Алтынбекұлы — лайықты ұрпақ тәрбиелеген әке, қоғамымыздың дамуына маңызды үлес қосқан, өзі туралы жақсы естелік қалдырған тәлімгер. Өмірінде нағыз ҰСТАЗ жолықтырған бақытты адам. Өзім тәлімгерлерімді ризашылықпен еске аламын және ұстаздық жолымда шәкірттеріме үлгі болуға тырысамын. Абай Құнанбайұлы айтқандай адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.
До сих пор знала о нем как об отце, воспитавшем достойных детей.
Спасибо, что рассказали о жизни человека, внесшем значительный вклад в развитие нашего общества, цельной и гармоничной личности, сеявшей лучшее, доброе, светлое, наставнике, оставившем добрую память о себе, на которого стремишься равняться. Счастлив человек, в чьей жизни повстречался настоящий УЧИТЕЛЬ. Я с благодарностью вспоминаю о своих наставниках, стремлюсь быть примером для своих учеников. Светлая память, Құлжабай аға!
Ғылым саласы болсын , спорт саласы болсын еңбегі үлкен , парасатты , көрікті , көркем мінезді Құлжабай атамыздың орны біз үшін ерекше . Кішкентайымыздан санамызға сіңдірген тәлім — тәрбиесі жадымызда .
Оның өмірлік ұстанымы , артында қалған отбасы біз үшін әрдайым үлгі .
Жаны жаннаттық болсын !
Мақала тамаша жазылған !
Действительно, достойно прожитая жизнь, пример для нашей молодежи!
Кулжабай Алтынбеков, судя по фото и по вашему, Гульжан Кулжабаевна, его жизнеописанию, был человеком красивым не только внешне, но и внутренне — красивым душой!
Его биография похожа на биографию многих казахстанцев той поры. Сиротское детство и раннее взросление, приобщение к серьезному, «взрослому» труду тракториста в первые послешкольные годы. Таков был путь большинства молодых людей той поры!
И далее дорогу в жизни пробивал себе каждый согласно своим устремлениям, своим способностям.
Кулжабай Алтынбеков, как следует из его биографии, проявил большое стремление к получению знаний и поступил на учебу в Кзыл-Ординский пединститут.
В те времена большинство студентов, приехавших на учебу из аульных глубинок и проживавших в общежитиях, зачастую не всегда были сытыми. Как отмечает автор статьи, студенту Алтынбекову иногда приходилось заглушать чувство голода питьем обычной водопроводной воды.
Тем не менее, он свою учебу на «отлично» совмещал с регулярными занятиями спортом. Его успехи в учебе и на спортивном поприще отмечены званиями Ленинского стипендиата и мастера спорта СССР!
Впечатляющие успехи — пример, достойный подражания! Вот как надо учиться, господа современные студенты!
Последующее после окончания вуза поступление и успешное окончание аспирантуры Киевского государственного университета с получением степени кандидата технических наук тоже говорит о многом! Аспирантура тех лет действительно углубляла и расширяла полученные в институте знания, требовала каждодневного упорного труда. До получения заветной корочки кандидата наук доходил далеко не каждый! А тем более — учась в аспирантуре такого флагмана вузов СССР, как Киевский государственный университет!
После его окончания — работа на родине, в вузах Южного Казахстана.
Видя нехватку учебных пособий на государственном языке, доцент К. Алтынбеков, используя свои способности педагога-билингва, написал несколько учебников по специальности на казахском языке.
И в сердцах своих товарищей по работе, судя по комментариям к статье, Кулжабай Алтынбеков оставил о себе теплые воспоминания Его уважали как высокопрофессионального специалиста, как всегда доброжелательного, скромного порядочного, глубоко интеллигентного коллегу.
Результат работы К. Алтынбекова — сотни высококвалифицированных выпускников, которые благодарны ему за глубокие, прочные знания по специальности!
Как жаль, что ряды этого поколения педагогов редеют, их в наших вузах с каждым годом становится все меньше и меньше!
Но благодарная память о них остается в сердцах обученных ими студентов, в сердцах товарищей-коллег!
Есть в казахском языке понятие «текты». Оно означает «вышедший из уважаемого рода, из достойной семьи, получивший порядочное воспитание, несущий в себе высокие духовные традиции своего народа».
Высокодуховные традиции нашего народа, полученного в семье воспитания, традиции своего отца продолжает на нашей кафедре доцент Гульжан Кулжабаевна Алтынбекова, автор этой статьи.
Әкеңіздің жатқан жері торқа, жаны жаннатта болсын!
Құлжабай Алтынбековичтің өмірі біздің студенттерімізге үлгі болсын!
Учитесь учиться, стремитесь стать высококвалифицированными специалистами, быть Человеками, дорогие наши студенты!
Өте мағыналы дүние. Расында аға буын өкілдері осындай білімге құштар, жақсылыққа жаны құмар, парасатты, турашыл адамдар болған. Бұл кісілеррдің өмірі бүгінгі жастарымызға үлгі. Өнеге десек те болады.
Құлжабай аға менің жездем еді. Бірақ біз ол кісіні көке дейтінбіз. Ағамыздай қамқор жан болған. Жамбылда институтта оқыған кезімде 5 жыл сол кісінің қолында оқып, тәрбиесін алдым. Ол кісі өте турашыл, әділ, мәдениетті, парасатты жан еді. Бар жетістікке таза өз еңбегімен жеткен адам. Сондықтан болар, ол кісі бізді де турашылдыққа, адалдыққа , табысқа тек өз еңбегімен жетуге тәрбиеледі. Институтта мамандыққа орай білім алсақ, үйде Құлжабай ағадай үлкен Ұстаздан тәлім алдым десем де болады. Жалпы, Құлжабай көке менің өмірге деген көзқарасымның қалыптасыуына, білікті маман, оқыған, зиялы жан ретінде қалыптасуымы ықпал еткен адам. … Бірде мектепте оқып жүргенімізде ауылымызға Қызылорда пединститутын бітірген , физика пәнінің мұғалімі болып жас маман келді. Ол кісі әңгіме арасында институтта оқып жүргенде біз үшін лидер, үлгі болған бір студент болды. Өзі үздік оқиды, Лениндік стипендия иегері, әрі мықты спортшы(күрес) болатын. Бүкіл институт аңыз ғып оның есімін айтушы еді. Есімін ұмытып тұрмын деді. Мен бірден: Құлжабай Алтынбеков деп едім. Оны сен қайдан білесің ,деді таңданып. Мен туысымыз ғой , дедім. Осы бір сөзден-ақ мен Құлжабай көкеміздің институтта үздік студент, қатарының алды болған -лидер, топжарған спортшы, жан-жақты тұлға болып қалыптасқаны байқалады. Құлжабай көкемнің өмірі мен үшін өшпес өнеге. Есімі мен өмірі жолы менің ғана емес, қаншама адамдардың жүрегінде мәңгі сақталатын ардақты азамат.Құлжабай көкемнің жаны жәннатта болсын, рухы шат болсын!
Ассалаумалекум осындай менин агам болганына мактанамын. Артына оскелен урпака из калдырды
Өте жаксы тұлга болатын, білікті де білімді жаны жайсан азамат еді.
Кеінгі ұрпаққа үлгі , халқымыздың мақтанышы болатын ұлы тұлғалардың бірі екен
Алтынбеков Құлжабай ағаймен қазақ- химия технологиялық институтта бірге қызмет еттім.Мен Техникалық мамандықттарға арналған «Дене тәрбиесі» кафедрасында аға оқытушы болдым. Құлжабай ағай ғылыммен спортты бірге алып жүрген,сол жылдары факультет аралық түрлі спорттан жарыс өткізетінбіз,Ағай Шахматтан әрдайым жүлделі орын алып,факультетті жүлделі орынға шығаратын.Құлжабай ағайымыздың техникалық мамандықттарына арналған бірнеше кітапттары бар.Құлжабай ағамыз өмірден ерте өтті,нағыз үлгі тұттар азамат еді,Жаны жәннатта болсын!
Құлжабай Алтынбеков туралы айтсам,таусылмайтын дастан,мен үшін.1973ж інісі Балтабайға тұрмысқа шығып,бұл жанның келіні атанып,өмір жолы бірге басталды.
Қайынағамды,көке деуші едік.Көкемнің ажарлы жүзіне, болмысына,көркем мінезіне қарап,келіндік қызыметімді ризалықпен,иіліп жасап жүруші едім.Жеңешем Рыскүл екеуінің силастығы керемет еді.Көкемнің жұмыс столына қарасаң көз тоймайтын. Бірдей өткір ұшталған қаламсаптары, аппақ қағаздары, сақадай болып тұратын. Сол стол басында ұзақ отыратын. Институтқа, жұмысына кетерде киініп шыққанын көрсеңіз, көз тоймайтын.Мөлдір аппақ көйлегі, костюмі жарасымды, ол жеңешемнің еңбегінің айнасы еді.Соңынан ерген інісі Балтабайға,қызы мен ұлдарына айтатын ақылдары, өнеге жолдары ұшан теңіз еді.Жоғарыдан мақтан тұтатын асыл жар,ардақты әке ,қымбатты да құрметті бауыр болған, еңбек жолында өшпес із қалдырған Құлжабай көкеміздің інісі Балтабайдың, спорт хас шеберлері болған рухы биіктен көрініп ,жүрегімізде мәңгі сақталады. ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРІ ЖАННАТТАН БОЛСЫН!
Атамның кітаптарының көп екендігі бала кезімнен есімде қалып қалған. Бүгінде қазақ тіліндегі жарыққа шыққан электротехниканың теориляқ негіздері кітабы әсіресе студенттерге көп пайдасын тигізіп жатыр деп ойлаймын.
Есімім Құлжабай Айдана. Атамның атын өшірмей алып жүргенімді мақтан тұтамын!
Барша халқына үлгі, ұлы тұлға! Құрметпен еске алып жүреміз! Қазақтанның ғалымдары тек артсын!
Рас Өмірі Жастарға үлгі. Мен Божбанова Күләш Кузеркызы,Жолдасым Ерик Божбанов Алтынбекұлы Құлжабаймен әрі дос, Әрі сырлас, нағашы,жиен болып араласып журетынбыз.Өсірген ұл қыздарының айтқаны тура, жұбайы Рыскүлжанмен өсірген ұл қыздарына, кітабының баспаға шығарған Бақыт Құлжабайулына, Атын жаңартып,жастарға үлгі ретінде таныстырып жүрген Гүлжан Құлжабайқызына, Анасын бағып отырған Болат Қулжабайулына мың алғыс. Қулжабай Алтынбековтын ,ұлы Мұрат Қулжабайулынын, жатқан жері жайлы топырағы торка Болсын. Қабірі жарық болсын. Әумин.