Шымкент қаласының Абай ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қызметі барысында Ұлттық ұлан әскери жасағына белгісіз әйел адам келіп, үйінің есігі ішкі жағынан жабылып қалғанын және үйде кәмелеттік жасқа толмаған екі баланың барын айтады. Мән-жайды түсінген әскерилер бірден есікті ашу бойынша әрекет жасап, пәтердің терезе тұсынан үйге кіріп, қобалжыған ананы балаларымен қайта қауыштырды.
— Бізге берілген бағыт бойынша жүріп келе жатқан едік, кенет бейтаныс адам келіп, үйдегі есігі ішінен жабылып қалып, кішкентай балалардың қамалып қалғаны жайлы айтты. Темір есік болғандықтан сындыруға уақытты созбай, жоғарғы қабаттағы көршілердің үйінің терезесінен кіруге тура келді, деді әскери жасақ бастығы қатардағы Мәлікасан Рахымжанов.
Әскерилердің батыр әрекетіне риза болған балалардың анасы сарбаздардың атына алғыс хат жазды.
6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі.