• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сейсенбі, 31 Қаңтар, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

14.04.2022
in Басты ақпарат
ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Биыл Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 59 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылады. Олардағы ортақ пайдалану орындары, тротуарлар мен пандустар жасалып, спорттық және балалар алаңдары жаңартылады. Мұнан бөлек аулаларды көгалдандыру мен жарықтандыру да көзделіп отыр.
Бұл туралы Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлары туралы баяндаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты.
–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың жергілікті жердегі мәселелерді шешуге ықпалын арттыру мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілгені белгілі. Тұрғындар электронды үкімет порталы арқылы өздері ең маңызды деп есептейтін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізіп, оларға дауыс береді. Азаматтардың ең көп дауысына ие болған жобалар бірінші кезекте қаржыландырылады. Осы әдіспен өткен жылы Әл-Фараби ауданында 14 жоба жүзеге асты. Оған бюджеттен 269.3 миллион теңге жұмсалды. Биыл қаржыландыру көлемін бірнеше есе көбейтіп, Әл-Фараби ауданы бойынша 1 миллиард 641,2 миллион теңгеге 59 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Шаһар басшысының айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасына бөлінетін қаржы тек Әл-Фараби ауданында ғана емес, бүкіл қала бойынша да көбейген. Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылы Шымкентте осы жоба бойынша 1 миллиард 165.6 миллион теңгелік 55 жоба іске асырылған болса, биыл 4 миллиард 505,7 миллион теңгелік 148 жоба жоспарға енгізілген. Яғни, жобаны қаржыландыру көлемі шамамен 4 есеге артқан.
Айта кетейік, тұрғындармен кездесу барысында М.Әйтенов экономика, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмыспен қамту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»

31.01.2023
ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫН ЗАҢҒА САЙ ӨТКІЗУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫН ЗАҢҒА САЙ ӨТКІЗУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

31.01.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

31.01.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІНДЕ БОСАҢСУҒА ЖОЛ ЖОҚ»

31.01.2023
ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫН ЗАҢҒА САЙ ӨТКІЗУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙЛАУ НАУҚАНЫН ЗАҢҒА САЙ ӨТКІЗУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

31.01.2023
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНДА СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

31.01.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?