• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 7 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот төрелігіне сенім және құқық үстемдігі – соттардың басты міндеті

08.04.2022
in Құқық-заң
Сот төрелігіне сенім және құқық үстемдігі – соттардың басты міндеті

Сот жүйесі – адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде ерекше орын алатын дербес билік тармағы болып табылады. Бұл – материалдық және прцессуалдық заңнама белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе. ҚР «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 1-бабына сәйкес, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.
Судьялардың кәсіби және тәжірибелік білімдерін ұдайы арттыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында, олардың мамандану мәселесін ескере отыра, Қазақстан Республикасының «Сот білімі Стратегиясы» қабылданып, қазіргі таңда стратегия талаптарын толыққанды жүзеге асыру талабы жүктелуде.
Қазақстанда жасалған сот реформасы сот төрелігі жүйесін азаматтардың талаптары мен мүдделеріне жақындатқанын, істерді сотта қараудың сапасын айтарлықтай арттырғанын көрсетеді. Судьялардың тәуелсіздігін арттыру үшін олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі өкілеттіктер тек қана Сот Қазыларына берілгені, бұл судьяларға кез келген түрдегі қысым жасаудың ықтималдығын азайтып, соттардың тәуелсіздігін нығайтқандығы.
Соттар қызметінің заңнамалық және іс-жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру де маңызды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық- іс жүргізу, қылмыстық- процесстік және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер қабылданды. Олар ұзақ әрі тыңғылықты дайындалып, онда соттардың жаңа құзыреті, оның ішінде сот жүргізудің жеңілдетілген жаңа тәртібі қарастырылған.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Қазақстандық сот төрелігінің барлық құрылымының қызметі мейлінше ашық бола түсті. Қазір соттардың шешімдерімен электрондық режімде — Жоғарғы Сот пен жергілікті сот инстанциялары сайтында танысуға болады. Сот төрелігіне азаматтардың қалың тобы қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды. Соттың іс-қарауы хаттамасын толық және сапалы қамтамасыз ететін тетік ретінде сот үдерістерінің электронды тіркелімін жаппай енгізілді.Бірінші инстанциядағы барлық соттар бейнеконференция байланысымен қамтамасыз етілді, бұл сот төрелігін қашықтан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотқа жүгінген адамдар өздерінің құқығын қорғауда аумақтық тұрғыдағы және ұйымдастырылған кедергілерге тап болуға тиіс емес.
Істі сотта тараптардың таңдауы бойынша қарудың баламасы аясын кеңейтіп, сотқа өтініш білдірудің кез келген формальды талабын жою маңызды. Бұл әсіресе тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарына, соның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты істі қарау кезінде өзекті. Заңнамада ескерілмеген тұстарды пайдаланып, қандайда бір формальды желеумен өтінішті қабылдаудан бас тартуға соттардың құқығы жоқ.
Қазақстанда соттан тыс медиатордың көмегімен келісімге келу үшін медиация институты құрылған. Бұл екі жақ та келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді қараудан соттарды біртіндеп босату үшін алғышарт жасайды.
Судьялардың міндеті – өздерінің кәсіби біліктіліктерін ұдайы арттырып, сот саласының абыройы мен беделіне нұқсан келтірмей, ар-адалдығынан аттамай, сот төрелігінің бейнесі мен беделін жақсарту шын мәніндегі «қара қылды қақ жарған би» деген атқа лайық болу.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

С.УМАРОВ,

Арыс аудандық сотының төрағасы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған