Бұл туралы Қазақстан Президенті мен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның телефон арқылы әңгімесінде айтылды.
Түркия көшбасшысы бұл сапар екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына серпін береді деп үміттенетінін жеткізді.
Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.
Қазақстан Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерін жоғары бағалады.