Бүгін «Шымкент жастар лигасының» волейболдан іріктеу ойындары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылып жатқан «Шымкент жастар лигасы» спорттық жарысы биыл II-рет өтуде.
Мектеп оқушалырының бос уақытын тиімді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу және оларды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға футбол, волейбол, баскетбол, шахматтан қаланың 151 мектебінен жалпы саны 514 команда бақ сынауда. Оның ішінде 1458 оқушыдан құралған 129 команда спорттың волейбол түрінен сайысып жатыр.
Бұған дейін волейболдан Абай ауданы командалары арасындағы ойындар аяқталып, нәтижесінде
А-тобында №50 мектеп,
Б-тобында №118 мектеп,
С-тобында №23 мектеп,
Д-тобында №54 мектеп 1 орынға ие болып, финалдық кезеңге жолдама алған-ды.
Ал, Әл-Фараби ауданының волейбол командаларының арасындағы ойын нәтижесіне сәйкес,
А-тобында №1 мектеп,
Б-тобында №7 мектеп,
С-тобында №129 мектеп,
Д-тобында №64 мектеп 1 орыннан көрініп, финалдық кезеңге жолдама алды.
Еңбекші және Қаратау аудандарында волейболдан кездесулері Бас төреші бекіткен кестеге сәйкес, сәуір-мамыр айларындағы сенбі күндері өткізіліп, жеңімпаздар анықталады.
Бүгінгі Еңбекші ауданының қыздар арасындағы волейболдан С-тобының кездесуінде №34, №44, №100, № 120, №24, №39, №65, №67 мектептердің командалары мен оларға қолдау көрсететін фан-клуб мүшелері қатысты. Ал, спорттық жарыстарға төрешілік жасауға және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400 ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.
Айта кетейік, жарыс 2021 жылдың 23 қазан айында бастау алған болатын. Сайыс жеңімпаздары 2022 жылдың 1 маусымында марапатталады.
Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы іріктеу кезеңі арнайы кестеге сәйкес өтуде. Демалыста керемет ойынның куәсі болыңыздар.
«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА
Суретті түсірген С. ҚОСАЕВ.