• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 12 января, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТУРИЗМ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

30.03.2022
in Басты ақпарат
ТУРИЗМ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Қазақстанда алғаш рет туристерге қызмет көрсететін кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай қолдау тетіктері іске асуда. Олар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, жергілікті атқарушы орган және «Kazakh Тourism» ҰК тарапынан көрсетілмек. Бұл туралы қалалық ақпараттық-коммуникация орталығында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров мәлімдеді.
Спикер баспасөз брифинг барысында министрлік тарапынан шетелдік туристер үшін туроператорлардың шығындарына субсидия берілетінін мәлімдеді. Ол сырттан келген әр турист үшін 15 мың теңге болмақ.
– Ал жергілікті атқарушы орган туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандар құрылысы шығынының 10 пайызы, туристік автобустарды сатып алу бағасының 25 пайызы өтеліп, санитарлық-гигиеналық торапты күтіп-ұстауға ай сайын 83 300 теңге төлеу қаралған. Сонымен қоса «Кazakh tourism» ҰК» АҚ тарапынан балалардың әуе билетін 100 пайыз субсидияланады. Яғни, 17 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде тегін ұша алады. Аталған жоба ел ішінде демалысқа аттанған балалардың әуе билетін тегін алуына мүмкіндік береді. Ол үшін турпакет ішкі туризмде лицензиясы бар туроператордан сатып алынуы тиіс, – деді басқарма басшысы.
Ерлан Қыдыров бұл қолдаулардың туризм саласының дамуында көрсетілетін үлкен көмек екенін айтып, басқарма тарапынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндігі бар азаматтарға ықпал жасалатынын айтты.
Оған қоса Сайрам тұрғын алабындағы сакралды нысандардың туристік тартымдылығын арттыру ісі де қолға алынады. Шымкентте үлкен туристік орын құру мақсатында «Ескі қалашық» тарихи-мәдени кешені «Қазақстанның туристендіру картасының» ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Бүгінде жобаның мастер-жоспары әзірленіп, оны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылған.
«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Оқи отырыңыз...

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

Шымкентте жаңа туған сәбилерге қойылған ең ерекше есімдер аталып, демографиялық статистикамен бөлісті

05.01.2026
Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Жаңа жылдан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

30.12.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

09.01.2026
Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

Кәсіпкер құқығы іс жүзінде қорғалды: 2025 жылы 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бизнеске қайтарылды

08.01.2026
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

08.01.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған