Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі болып саналады. Елдегі ортақ ұйғарым, ауызбіршілік, адамгершілік, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы. Осыған орай Шымкентте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының бас имамы — Бақдаулет Нұрматұлы және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
Келелі басқосуды өткізудегі басты мақсат — жастарды туған жерге деген сүйіспеншілікті күшейту және патриоттық сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, бейбітшілікке, татулыққа баулу болатын. Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр.
Айта кету керек, қаңтар оқиғасы кезінде елдің тыныштығы мен ынтымағына сызат түсіретін бейберекетсіз әрекеттер орын алғанын көпшілікке мәлім. Ал сондай тәртіпсіздіктер ішінде жастардың да көп болу ойланатын нәрсе.
Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жастарды бірлікке, тыныштыққа шақыруға үндейтін насихат жұмыстарын күшейте түсуі қажет екенін алға тартты. Діннің де жастар тәрбиелеуде үлесі зор. Ислам діні қашанда тағылымы мол құндылықтарды дәріптеген. Әрқашанда бейбітшілік пен ынтымаққа, келісімге жетелеген.
Бұл жөнінде кездесуде бас имам да ислам – амандық пен бейбітшілік діні екендігін, бүгінгі ұрпақ осы қағиданы берік ұстануы қажет екенін атап көрсетті.
Айта кету керек әлеуметтік желілерде көптеген теріс ағымдарды уағыздайтын, адам санасын улайтын мәліметтер көп. Соның алдын алу үшін дін қызметкерлерінің жастармен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп атап, осы бағытта жыл бойы тиісті іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлауы да атқарар істің ауқымдылығын көрсетеді.
Бүгінгі маңызы зор кездесудің соңында жастар өздерінің көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.