• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 9 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ БОЙЫНША ҮЛКЕН ЕҢБЕК БАР»

14.03.2022
in Басты ақпарат
Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ БОЙЫНША ҮЛКЕН ЕҢБЕК БАР»

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірнеше мәселе талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Облыс бюджетінің жай-күйі туралы баяндаған Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаевтың айтуынша, 1-наурызда жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдер 11,3 млрд. теңге көлемінде жоспарланса, нақты 21 млрд. теңге түсіп, жоспар 186,3%-ға немесе 9,7 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 5,6 млрд. теңгеге артқан.
Аппарат отырысында Түркістан қаласын дамыту бағытындағы жұмыстар да сөз болды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтың мәлімдеуінше, 2022 жылы облыс орталығында 53 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Жалпы аумағы 217,7 мың шаршы метр болатын 3432 пәтерді тапсыру жоспарланған. Ақпан айында 3 үйдің (169 пәтер, 10,6 мың ш.м.) қабылдау жұмыстары жүргізілген. Түркістан қаласындағы абономенттердің 90,2% табиғи газды пайдаланып отыр. Осының арқасында шаһардың экологиялық жағдайы анағұрлым жақсарған. Сонымен бірге қаланы көгалдандыру, жарықтандыру, жол төсеу, сумен қамту бағыттары бойынша айқын жұмыстар бар. Оны тұрғындар көріп, сезініп отыр.
Осы және өзге де мәселелер талқыланған жиынды түйіндеген Өмірзақ Шөкеев тұтас өңірді, Түркістан қаласын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту бағытында жүйелі жұмыс атқарылғанына тоқталды.
– Жалпы инфрақұрылым мәселесіне баса көңіл бөлу керек. Көп шаруа атқарылды. Инфрақұрылым – көзге көрінбейтін жұмыс. Бірақ қайбір қала болсын, оның маңызы өте зор. Халықтың өмір сапасының артуы осы инфрақұрылымға байланысты. Айталық, Түркістан қаласы газдандырылғандықтан қазір бұрынғыдай түтін жоқ. Екі жылда бір қала газдандырылды. Бұл – үлкен еңбек. Жол төсеу, көгалдандыру, сумен қамту бағытында да оң өзгерістер бар. Дегенмен жұмысты әлі де жандандыру қажет. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау – міндетіміз, – деген Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға тұрғындардың өмір сапасын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіре түсу және кірістерді арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
ShareTweetShareSendShare1Share

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

09.05.2025
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған