• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 30 Қыркүйек, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҰРАНДАҒЫ ШУДЫҢ ШЫНДЫҒЫ: БАС ЖОСПАР ӘЛІ БЕКІТІЛГЕН ЖОҚ

04.03.2022
in Басты ақпарат
ТҰРАНДАҒЫ ШУДЫҢ ШЫНДЫҒЫ: БАС ЖОСПАР ӘЛІ БЕКІТІЛГЕН ЖОҚ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызға ие қала мәртебесі берілді. Бұл қаланың жедел дамып, тұрғындар санының көбеюіне ықпал етті. Қазірдің өзінде Шымкентте қала тұрғындарының 70 пайызына жуығы жеке секторда өмір сүріп жатыр. Осыған орай бүгінде көпқабатты тұрғын үй салуға басымдық беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы заңының 47-1-бабында елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленеді. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының игерілу мерзімі 5-10 жыл.
Талдау нәтижесінде 2021 жылы Тұран шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзету енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп, бірнеше нұсқасы әзірленді.
Әлеуметтік желілер мен телеарналарда таралған ақпараттарда Тұран шағын ауданы тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған мәлімет – жоғарыда айтылған егжей-тегжейлі жобалау жоспарының бір нұсқасы ғана.
Ол ресми түрде бекітілмеген құжат.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, қаланың дамуына қатысты кез келген мәселе тұрғындардың пікірі мен көзқарасын ескере отырып қабылданады.
Сондықтан заң талаптары мен құрылыс нормаларына сәйкес Тұран шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы нақты бекітілмей тұрып, бұл мәселе бойынша алдын-ала қоғамдық тыңдалым өткізіледі.
Қоғамдық талқылаудың өткізілетін орны мен уақыты алдын-ала бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға хабарланатын болады.
Қоғамдық тыңдауда тұрғындар егжей-тегжейлі жобалау жоспарын бекіту мәселесі бойынша дауыс береді. Яғни, түпкілікті шешімді тұрғындардың өздері қабылдайды.
Оған қоса Қазақстан Республикасының заңдары азаматтардың меншік құқығын ерекше қорғауға алып, оған кепілдік береді. Мемлекет өз азаматтарының мүлкінен заңсыз жолмен айырылуына, баспанасыз қалуына жол бермейді.
Шымкент қаласының барша тұрғындарын қоғамдық талқылауға қатысуға және қаламыздың көркеюі мен дамуы үшін ат салысуға шақырамыз.

Оқи отырыңыз...

АУДАНДА “АҚЫЛМАН ӘЖЕ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АУДАНДА “АҚЫЛМАН ӘЖЕ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

29.09.2023
АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРТ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРТ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

29.09.2023
АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29.09.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

АУДАНДА “АҚЫЛМАН ӘЖЕ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АУДАНДА “АҚЫЛМАН ӘЖЕ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

29.09.2023
АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРТ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ҚАРТ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

29.09.2023
АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АМАНАТТЫҚТАР АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29.09.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?