Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін шеңберінде 1 наурыз күні сағат 10:00-де азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі.
Тексеру барысында қала аумағындағы электродабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс зорайтқыш қондырғылар іске қосылады.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосылу кезінде жасайтың іс-қимыл қағидаларын еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
– радио және теледидарды қосыңыз;
– шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:
– көшедегі дауыс зорайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Барлық іс-шаралар болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қандай да бір қауіпті факторларының орын алуы немесе туындау қатері және «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» дабылы бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуына бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жаттығу өткізу кезінде үрейленбей, тыныштық сақтауды сұраймыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.