• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 4 Ақпан, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

22.02.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері алғаш рет мидың қатерлі ісігіне күрделі ота жасады. Ота жасалған науқас Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны.
Білікті мамандар ұжымы жеті сағат бойы бас сүйегіндегі ісікті алып тастау үшін ашық түрде ота жасап, науқасты ажалдан арашалаған.
Науқас 16 жастағы жасөспірім қыз. Ол осы жылдың 15 ақпанда өткен қалалық клиникалық балалар ауруханасының «Ашық есік күні» онкогематологтың қабылдауында болған. Денсаулығын бақылаған дәрігерлер шұғыл түрде аурухананың жансақтау бөліміне жатқызған.
Ауыр халдегі науқасты дәрігерлер жағдайын тұрақтандырып, диагностикалық тексеруден толық өткізген. Мамандар жасөспірімнің өмірін аман алып қалу үшін ота жасауға шешім қабылдайды.
Күрделі отаны жоғары санатттағы нейрохирург Самат Көкшибаев пен Таңсық Абдуллаев сәтті жасап шықты.
Нейрохирургтың сөзінше, бас сүйекке жасалған ота жаңадан алынған қондырғының көмегімен жүзеге асқан.
–Науқас онколог пен нейрохиург дәрігерлерінің қарауында болды. Оған 17 ақпан күні ота жасадық. Мұндай ота қалалық клиникалық балалар ауруханасында алғаш рет өтті. Ауруханаға жергілікті бюджет есебінен жаңа микрохиургиялық аппараты алынған болатын. Ота кезінде осы қондырғыны қолдандық. Енді осы аппараттың көмегімен күрделі оталарды жасап, науқас балалардың өмірін аман алып қалуға барымызды саламыз,-С.Көкшибаев.
Қазір науқастың денсаулық жағдайы қалыпты. Енді ол ауруханадағы онкохирургтың бақылауында емін жалғастырады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

03.02.2023
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

03.02.2023
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

03.02.2023
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

03.02.2023
ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚТАР ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АЛҒЫСТАРЫН БІЛДІРДІ

03.02.2023
ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

03.02.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?