«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен (бұдан әрі — Заң) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 42-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес кондоминиум иелері мүлік иелері бірлестігінің немесе көппәтерлі үйдің жай серіктестігінің кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысанын таңдауға міндеттелді.
Бұл ретте аумақтық әділет органдары «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңның 6-бабына сәйкес мүлік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Заңның 2-бабының 5-тармағына сәйкес тіркелген және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтері 2022 жылғы 1 шілдеге дейін көп пәтерлі тұрғын үйді салуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты барлық қолда бар құжаттарды қабылдау-беру актісі бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің Кеңесіне беруге, қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен таратуды жүргізуге міндетті.
Арал ауданаралық әділет басқармасы.