• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 11 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

16.02.2022
in Басты ақпарат
СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жасалды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары Мұрат Жолдықожаев және Айгерім Жұмағұлова, Жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исахов және қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Мұндағы мақсат жатақханадағы студенттердің жағдайымен танысу болатын.
Мониторинг тобы алдымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жатақханасына бас сұқты. Ғимарат 1983 жылы қолданысқа берілген. Сыйымдылығы 390 орынға лайықталған, қазіргі таңда мұнда 200 студент тұрады. Толымдылығы – 70 пайыз. Академияның жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ахметов мұны карантин талаптарын сақтаумен түсіндірді.
5 қабатты жатақхана барлық санитарлық талаптарға сай жабдықталған. Ұлдар мен қыздар секциясына бөлінген, акт залы, кітапхана, душы мен асханасы, медициналық бекеті мен вирус жұқтырған студенттерді оқшаулауға арнайы бөлме қарастырылған.
Екінші жатақхана – академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жатақханасы. Құрылысы 2020 жылы басталған.
– Студенттер үйінің ресми ашылу салтанатын биылғы Наурыз мерекесінде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Барлық заманауи талаптарға сай келеді, студенттерге жағдай жасалған. Болашақта жатақхана жанынан спорт кешенін салу жоспарда бар, – деді оқу орнының ректоры Рәбиға Қуатбекова.
Жаңа ғимарат 6 қабаттан тұрады. Мұнда жалпы 300 студентке орын бар. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы бөлмелер мен жайлар қарастырылған.
Нурлан Бектаев
Серік Қосаев

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

08.09.2026
КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

08.09.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

Қазақстанда жыл басынан бері 74 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді

10.09.2026
ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

10.09.2026
М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де Мемлекет басшысының құнды ой-тұжырымы топтастырылған жинақ таныстырылды

В ЮКГУ имени М. Ауэзова представили сборник ценных мыслей Главы государства

10.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған