Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл Шымкент қаласы бойынша 4000 жол белгілері, 16 бағдаршам, 15 белсенді жаяу жүргінші өткелі, 300 шақырым жерге жол таңба сызу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда қалада 12 271 жол белгілері бар. Бүгінге қажеттілік 20 мың шамасында.
2021 жылы 16 бағдаршам, 13 белсенді жаяу жүргінші өткелі, 3271 жол белгілері, 250 шақырым жол таңбалары сызылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі