• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 22 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

07.02.2022
in Басты ақпарат
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков апта сайын тұрғындарды онлайн түрде қабылдап, олардың өтініш-талаптарының орындалуын бақылауға алып келеді. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасында тікелей қарым-қатынастың нығайып, түйткілді мәселелердің заң аясында оң шешілуіне септігін тигізуде. Санитарлық талапқа сай қашықтан өткізіліп жатқан қабылдау бұл жолы офлайн кездесуге жалғасты.

Оқи отырыңыз...

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

Президент екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты

17.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025

Үш сағатқа жуық кездесуде қала басшысының орынбасары тұрғындардың арыз-шағымдары, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Негізгі сұрақтар тұрғын үй және жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері болды.

Қала басшылығымен кездесуде болған тұрғынның бірі Мадина Тайжанова. 3 баласы туа бітті ауыр созылмалы ауруға шалдыққан. Ерекше балаларды асыраушы ана медициналық мекемелерден тегін берілетін препараттардан бөлек емге тиімді қымбат бағалы «Сабрил» препаратын сұрауда. Алайда, Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында бұл дәрі-дәрмек тіркелмеген. Қала әкімінің орынбасары аталмыш сұрақ бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдамақ.

Кездесу барысында Ерғали Білісбеков нақты сауалдар бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен тікелей телефон арқылы сөйлесіп, тұрғындардың өтініштерін жеткізді. Ал, жергілікті деңгейде шешімін табуға тиіс сұрақтар бойынша қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен басқа да жауапты сала басшылықтарына нақты әрі белгіленген уақыт ішінде жүзеге асыруға бірқатар тапсырмалар берілді. Жиналған қауым қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй басқармасы басшылары мен қызметкерлерінің дөрекілігіне, халықпен сөйлескенде ашушаңдыққа бой алдыратындығын айтып шағымданды. Көп жағдайда әкімдікте өтетін жиналыстан босамайтындарына наразы. Ерғали Дәулетбекұлы бұл шағымға байланысты басқарма басшыларға ескерту жасады.

Тұрғындар мүгедектікті тағайындайтын медициналық әлеуметтік сараптама жұмысына қатысты да талап-тілектерін жеткізді. Бұл мәселеге қатысты ұсыныстарын хат жүзінде жолдауларын және алдағы уақытта процедуралар мен ережелерге қатысты мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін бірге қарайтынын атап өтті.

Қала әкімінің орынбасары бір айдан соң дәл осы тұрғындарды қайта қабылдап, мәселелерінің шешілу нәтижесін зерделейтін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

21.06.2025
КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМЕН ТАНЫЛҒАН ЖОҒАРЫ САНАТТЫ ПЕДИАТР

21.06.2025
«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЛА – ОРТАҚ МІНДЕТ» АТТЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

21.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған