Жиында этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту мәселелері талқылануда.
Түркістан қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер жетекшілерімен кездесу өтіп жатыр.
Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов ашып, жүргізуде.
Күн тәртібіне сәйкес, жиында бірнеше мәселе қаралуда. Атап айтсақ, талқыға салынған негізгі мәселелер: Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктерді аккредитациялау туралы; «Қазақстандық татар-башқұрт конгресі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы; Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы; Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің 2021 жылы атқарған жұмыстары мен 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Келелі кеңесте этномәдени бірлестіктер өкілдері сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, этносаралық қатынастарды нығайту бағытындағы ойларын ортаға салуда.