• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 1 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ САЛЫМДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ МЕХАНИЗМІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

01.02.2022
in Басты ақпарат
ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ САЛЫМДАРЫН СУБСИДИЯЛАУ МЕХАНИЗМІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылуда. Баспананы жалдау құнын субсидиялау механизмі бүгінгі Үкімет отырысында талқыланды.
Селекторлық жиынға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов, орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.
Бүгінгі таңда Шымкентте тұрғын үй алу тізіміне 48 623 азамат тіркелген. Оның ішінде: 16 957 – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы; 9 186 – көпбалалы отбасылар; 1 819 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 27 – жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар; 20 634 – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер. Биыл жалпы 3 701 азаматты баспанамен (748 кезектегілерге және 857 жұмысшы жастарға арендалық, 2 096 кредиттік) қамтамасыз ету көзделуде.
Ал, атаулы көмек бойынша тізім механизм дайындалғанда ғана жасақталатын болады. Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеу қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018 тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1,2 топ мүгедектері, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасыларға ұсылмақ. Аталған субсидиялау механизмінің басты операторы болып «Отбасы Банкі» белгіленді.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
— Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
— Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Жаңа механизм мүдделік органдармен бекітіліп келісілген соң ғана мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

САУРАН АУДАНЫНДА «ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ» КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

30.06.2025
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТӘУЛІГІНЕ 120 ТОННА МАҚТА ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

30.06.2025
ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 

29.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

Ұлттық домбыра күні құтты болсын!

30.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМЕДИАЦИЯ АПТАЛЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

30.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

30.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған