ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 11 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Үшінші мегаполистегі құрылыс қарқыны биыл 2021 жылдағы көрсеткіштен асып түспесе, кем болмайды. Оның ішінде басымдық тұрғын үйге беріледі. Бұл туралы Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, өткен жылы қалада пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 1 млн шаршы метрден асты.
– Ел игілігіне тапсырылған баспананың ішінде көп пәтерлі үйдің жалпы ауданы 571 мың шаршы метрді құраса, 440 мың шаршы метр – жеке тұрғын үйлер. Осылайша 2020 жылмен салыстырғанда индикатор көрсеткіші 56 пайызға ұлғайды. Ал биыл, 2022 жылы жалпы көлемі 1 млн 60 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, – деді Әбілсейіт Байсейітұлы.
Маманның айтуынша, тұрғын үймен қоса әлеуметтік нысандардың да құрылысы жалғасады. Атап айтқанда, өткен жылғы ірі құрылыс нысандарының қатарына Бадам өзенінің бойын абаттандыру мен Металлург стадионын қайта құру жобасы жатады. Басқарма басшысы пандемия салдарынан стадиондағы құрылыста біршама кідіріс болғанын, биыл тиісті жұмыс жалғасып, нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделіп отырғанын жеткізді.
2021 жылы 4 мектеп пайдалануға берілген. Биыл 11 білім ошағының құрылысы жалғасуда, жыл соңына дейін 6 мектеп ашылады деп күтілуде. Оған қоса, биылғы ірі құрылыс жобасының бірі ретінде Конгресс-орталық нысаны аталып отыр. Былтыр іргетасы қаланған нысан 2024 жылы ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.
Нурлан Бектаев

500 Internal Server Error

Server Error

500

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request. Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error. More information about this error may be available in the server error log.


That's what you can do