Шымкент қаласында 2021 жылы алғаш рет 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді (2019жылы — 523,7 мың шаршы метр, 2021жылы – 1 012,5 мың шаршы метр).
Тұрғын үймен қамтуға 107,7 млрд.теңге бағытталып, 5 276 пәтерлі 81 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтары мен жұмысшы жастар 2 133 пәтермен қамтамасыз етілді. Оның ішінде, жұмысшы жастарға – 1 200 пәтер, халықтың осал топтары мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға – 933 пәтер тапсырылды.
Сонымен қатар, «SHYMKENT» ӘКК арқылы 2 229 пәтерлі 44 тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020-2021 жылдары әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы аналар, толық емес отбасы және мүгедек бала асыраушы 517 отбасы қайтарымсыз негізде әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын алды.
Сонымен қатар, 106 көпқабатты тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көпқабатты үйлерді тұрғын үй бірлестіктері немесе жай серіктестікке енгізу жөніндегі реформа іске асуда. Өткен жылдың соңында Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің 96 пайызы «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасысына сәйкес жаңа басқару жүйесіне көшті. Бекітілген Жол картасы аясында жаңа басқару жүйесіне қаланың барлық көпқабатты тұрғын үйі толық өтетін болады.