Жаңа технологиялар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында басым орын алады. Қала басшылығы бұл бағытқа ерекше назар аударуда, өйткені бұл шешімдер қала тұрғындары үшін қолайлы орта құруға және басқа да заманауи қалалармен қатар тұруға көмектеседі. Цифрландыру бағдарламасы ел президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасыныңбасым бағыт болып табылады.
Осы тапсырмалар қала әкімі М.Әйтеновтің де назарынан тыс қалған жоқ. Бүгінгі таңда қалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
2020 жылы азаматтардың өмір сүру сапасы мен қызмет көрсету деңгейін арттыру, жүйелі проблемаларды шешу және жайлы тұруды қамтамасыз ету үшін «109» бірыңғай байланыс I-Komek орталығы ашылып жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда, осы орталыққа 188 709 арыз-өтініштер келіп түсіп, оның 186 100 жауап берілген, ал қалған 2 609 өтініш бойынша тиісті мекемелермен жұмыстар атқарылуда.
Соңғы екі жылда Шымкент қаласын сапалы мобильді интернетпен қамту үшін 25 базалық станция орнатылып, 200 мыңға жуық қала тұрғыны интернетпен қамтылды.
Бүгінгі таңда, қаладағы 8 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.
2021 жылы қосымша 10 қоғамдық орындарда 30 тегін WI-FI нүктелері орнатылды.
Цифрландырудың арқасында тек қана қарапайым халық емес, сонымен қатар кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар қажетті саласы бойынша кең көлемді ақпарат алып, оған қалай қосылуға болатынын біле алады.
«NEWQAZAQ.KZ» ақпараттық порталы.