• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 27 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

13.01.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

Қалада болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

Шымкентте 26 қазанда ХҚКО мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді

23.10.2026
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026

– Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, кассаларды қиратқан, банкоматтарды алып кетіп, тауарларды бүлдірді. Оған қоса бірнеше жерден от қойған. Негізінен алкоголь, гигиена заттары, тәтті тағамдар мен текстиль тауарларын алып кеткен. Абырой болғанда қызметкерлер жапа шеккен жоқ. Қазір барлығын тазартып, 10 қаңтардан бері сағат 10:00 мен 17:00 аралығында жұмыс істеп жатырмыз. Белгілі шектеуге байланысты алкоголь өнімдері мүлде сатылмайды, – дейді сауда желісі директорының орынбасары Ян Нагибин.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде таңда тәртіпсіздіктен зардап шеккен кәсіпкерлік нысандары туралы мәлімет күнделікті жаңартылуда.

– Қаламыздағы 4-5 қаңтар күндердегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен 24 кәсіпкерлік нысан тіркелді. Барлығына келген шығын көлемі бүгінгі таңда 224 млн теңгені құрап отыр. Бұл – «Атамекен» палатасы берген мәлімет. Бұл мәліметтер күнделікті жаңартылуда. Соның ішінде 13 кәсіпкерлік нысаны қайта қалпына келтіріліп, жұмысын бастады. Басқарма мамандары кәсіпкерлік палатасының өкілдерімен бірге зардап шеккен нысандарды аралап, фото-видео есеп жинақтауда, – дейді басқарма басшысының орынбасары Біржан Азимбердиев.

Бұған қоса әкімшілік-іскерлік орталыққа жақын маңдағы Dodo pizza нысаны да зардап шеккен болатын. Ол орталық та жұмысын қайта жалғастыруда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЖАС БҮРКІТ» КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЖАС БҮРКІТ» КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

26.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДНЯЛИ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ФЛАГ И ОТДАЛИ ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ГОЛУБОМУ ПОЛОТНУ

25.10.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛІП, КӨК БАЙРАҚҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

25.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған