Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте жауапты болады. Үкіметсіз мемлекет болмайды, сол себепті жаңа Премьер-Министрді шұғыл тағайындау және Үкімет құрамын бекіту қажеттілігі туындады. Бұл ретте еліміздің жоғары басшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өздерінің конституциялық міндеттерін халық мүддесі үшін нақты және үйлесімді орындады.
✍Әлихан Смайыловтың еліміздің Премьер-Министрі болып тағайындалуы негізді шешім. Оның мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар, мемлекеттік органдарда айтарлықтай сенім ресурсы бар саяси қайраткер. Дәл осындай адам қазір мемлекет пен қоғамға қажет.
✍Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсыну кезінде Мемлекет басшысы тек халықтың мүддесін ғана басшылыққа алды. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары Қ.К. Тоқаевтың шешімін бірауыздан қолдады. Енді Үкімет халықтың сенімін ақтап, жинақталған әлеуметтік және экономикалық проблемаларды жоспарлы түрде әрі тиімді шешуге тиіс.
✍Бүгінгі отырыста Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев болашақ міндеттер мен одан әрі дамудың жаңа перспективаларын белгіледі. Сонымен қатар, Президент бәрін қалпына келтіруді жеке жауапкершілігіне алатынын, сол арқылы жаңа міндеттер мен реформаларды іске асыруға толық дайын екендігін ерекше атап өтті. Президент ел дамуының барлық негізгі бағыттары бойынша іске асырылып жатқан жобаларға сыни және кешенді талдау жасады. Біз барлық бағдарламаларды, жобаларды, тіпті бірқатар ұйымдардың жұмысының орындылығын қайта қарауымыз керек.
✍Алматы трагедиясы қауіпсіздік проблемасын өзекті етті. Өздеріңіз білетіндей, өмір қауіпсіздігі қоғамның негізгі қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың алдына еліміздің күштік құрылымдарын реформалау бойынша бірқатар міндеттер қойды.
✍6. Негізгі міндет – азаматтарды, конституциялық құрылымды және мемлекет мүддесін қорғау. Күштік құрылымдарды түбегейлі реформалау бағытын іске асыруды қамтамасыз ету үшін Президент тұтастай алғанда күштік құрылымдардың, атап айтқанда арнайы мақсаттағы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуын арттыру жөнінде тапсырма берді. Мемлекет басшысының айтуынша, полицияның құқықтық қорғалуын да күшейту маңызды. Билік өкілдеріне құрмет елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызды шарты саналады.
✍7. Құқық қорғау органдары мен Қарулы күштерді күшейту, реформалау бойынша барлық шаралар халықты сыртқы қауіп-қатерден қорғауға бағытталған. Сондықтан Президент шекара қызметін күшейтудің және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарын жандандырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
✍8. Мемлекет басшысы ҚР Парламенті платформасында Қазақстан халқына үндеу жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің жаңа үкіметі мен мемлекет органдары жүзеге асыратын әлеуетті міндеттер мен жұмыс бағыттарын атап өтті.
✍9. Екі күннің ішінде ҰҚШҰ одақтастарынан бітімгерлік миссияны шығару басталады және оған белгілі бір уақыт қажет, шамамен 10 күндей. Осы шаралардың қорытындысы бойынша елімізде құқықтық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғау толық қамтамасыз етіледі.
✍10. Мемлекеттік билік жүйесі «қатемен жұмыс» істеуі керек. «Күштік құрылымдар экстремистік ұяшықтардың пайда болғанын қалай және неліктен байқамай қалды» деген сұрақтың жауабын табу керек. Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде үйлестірілген іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау жүйесін толық жаңғырту және қайта құрылымдау қажет.
✍11. ҚР Президенті еліміздің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев осы мақсатта Қазақстан Даму Банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынды. Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстан қоғамы Мемлекет басшысының шешімдері төңірегінде топтасуы қажет. Күшіміз — бірлікте. Біз бірге барлық қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға қол жеткізе аламыз.