Бүгінде Шымкент қаласының аумағы кеңейіп, құрылыс нысандары да артуда. Осыған орай шаһардың қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет –құрылыс инспекция бөлімі тарапынан салынып жатқан құрылыс нысандары бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіледі.
Зерделеу жұмыстары барысында мердігер мекемелер тарапынан қала мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және бүлдіргендіктері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабына сәйкес Шымкент қаласының полиция қызметкерлері арқылы айыппұлдар салынады.
Осыған орай кәсіпкерлерді құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында құрылыс салудың алғашқы нормаларын сақтауды сұраймыз.
Шымкент қаласының Ақпараттық — коммуникациялық орталығы.