• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ МАЗМҰНЫ ЖАҢАРДЫ

21.12.2021
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ МАЗМҰНЫ ЖАҢАРДЫ

Мемлекет басшысы кітапханалар жұмысын жаңашаландыру қажеттілігін атап, күнімізде қарқынды дамыған электронды форматпен қатар дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан жоғалмайтынын айтқан болатын.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025

Биыл Шымкентте 10 кітапхана жаңғыртудан өтіп, олардың мазмұны заманауи қызметтермен толықты. Солардың бірі модернизациядан өтіп, заман талабына сай жасақталған Шымкент қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқырмандар игілігіне тапсырылған нысанды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді.

Адамды жан-жақты дамытатын орта – бұл кітапхана екенін айтқан қала басшысы биыл қалада он кітапхана жаңғыртудан өткенін жеткізді.

«Жаңғырту – өткеннен қол үзіп, жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде жаңғыру – қолымыздағы барымызды жаңа қырынан тани білу дегенді білдіреді. Хабарларыңыз бар, интернет дәуірі – жастарымызды әдеби құндылықтардан алыстатып барады. Ақпарат дәуірін тұмшалай алмаймыз, оған бейімделуіміз қажет. Кітапханаларды ой-сананың орталығы ретінде алға жылжытуымыз қажет. Сондықтан, олардың қызметін жаңартып, жастарды тартатын орта ретінде қызметін жандандырудамыз керек»,-деді М.Әйтенов.

Модернизациядан өткен рухани орталықтың жұмысымен танысуға Алматы қаласы мен Жамбыл және Қызылорда облыстарының зағип жандарға арналған кітапхана басшылары да арнайы келді. Олардың айтуынша, Қазақстанда заманауи интерьермен безендірілген, барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік жасалған осы сынды жаңғыртылған кітапхана кемде кем.

Келушілерге креативті оқу бұрыштары қойылған және электронды кітап каталогтарымен танысуға мүмкіндік бар. Конференц залдар қарастырылып, заманауи техникалармен жабдықталған, интернет байланысымен қамтылған.

Сонымен бірге балалардың қосымша білім алып, ойнап тынығуына арналған «Baby Books» залы, демалыс бұрышы мен музыка тыңдауға арналған орындар да бар. Оқырмандар қажеттілігі үшін кофе-бар қызмет көрсетіп, кітапханалық ортада ғылыми дебаттар, дискуссиялар өткізуге мүмкіндіктер ашылған. Сондай-ақ мұнда түрлі бағыттағы кездесулер, әдеби ток-шоулар, библио-аукциондар, бенефистер, практикумдар, блиц-викториналар ұйымдастыруға ұтымды орта түзілген.

Кітаханада оқырмандарға арналған жазғы мезгілдегі сахна, жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған әткеншектер, заманауи капсулалар және балалар алаңшасы орнатылған.

Бұл кітапхана өз қызметін 1969 жылы бастап, бүгінде 7 мыңнан астам зағип жандарға кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханада «Дыбысты кітаптар шығару», «Брайль кітаптарын басып шығару» бөлімдері мен қазақша бедерлі-нүктелі шрифтің авторы Ақан Қасымовтың атында зал бар.

Аудиоформаттағы кітаптар санын ұлғайту жобасы шеңберінде биыл әдебиеттерді дыбыстау жұмыстарына қалалық театр әртістері мен мәдениет қызметкерлері жұмылдырылды.

Арнайы кітапхананың кітап қоры 140 мыңнан астам әдебиеттен тұрады. Оның ішінде бедерлі-нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі-графикалық құралдар қамтылған. Аудио әдебиеттер қоры 5 мыңнан астам көркем шығармалардан тұрады.

Модернизация жұмыстарынан кейін оқырман санын 14 мыңға, келушілер санын 110 мыңға, кітап берілімін 170 мыңға және кітап қорын 150 мыңға арттыру көзделуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер

ТҮРКІСТАН: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер

16.06.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

КАЗАХСТАН И КИТАЙ: ПРОЧНЫЕ СВЯЗИ В АТОМНОЙ ЭНЕРГЕТИКЕ И СТРАТЕГИЧЕСКОМ ПАРТНЕРСТВЕ

16.06.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

16.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған