• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 4 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«АУЫЛДЫҚТАР» ТІРЕК-ҚИМЫЛЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ СЫЙ ЖАСАДЫ

06.12.2021
in Басты ақпарат
«АУЫЛДЫҚТАР» ТІРЕК-ҚИМЫЛЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ СЫЙ ЖАСАДЫ

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы жалғасын табуда. Акция аясындағы кезекті іс-шара «Болашақ» тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту орталығында өтті. Бұл жолы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орталыққа қайырымдылық көмек көрсетті.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

Атап айтқанда, «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Қанатбек Досалиев және партия атынан сайланған мәслихат депутаттары Қуаныш Дәулеталиев пен Ғани Қанжігітұлы, сондай-ақ партияның Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппаратының қала бойынша филиал координаторы Ғалымжан Оразбаев бастаған «ауылдықтар» оңалту мекемесіне «құрғақ бассейн», кеңсе тауарларын және балалардың ой-өрісін дамытуға, қимыл-қозғалысты реттеуге арналған ойыншықтар мен емдік құралдарды сыйға тартты. Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған іс-шара қайырымдылық мақсатты көздеп, орталық ұжымы мен балалардың есінде қалар сәтті оқиғаға айналды.

— Еліміздің айтулы мерекесі Тәуелсіздік халыққа шаттық көңіл күй сыйлап, әдемі көріністерімен ел жадында сақталып қалу үшін мерейтойға орайластырып сауабы мол игі амалдарды көбірек жасауымыз керек. Осы мақсатқа орай балалардың күлімдеген көздері мен бал-бұл жанған қуанышты жүздерін көру үшін «Болашақ» оңалту орталығына арнайы ат басын бұрып, бүлдіршіндерге дайындаған сый-сияпатымызды тарту еттік. Ұлт саулығы әрқашан мемлекеттің басты стратегиялық бағыты болып қала береді. Сондықтан қаладағы тірек-қимыл қозғалысы бұзылған бірден бір осы мекемеге арнайы қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырдық. «Ауыл» партиясы бастаған мұндай игі істер кейін де жалғасын табады, — деді Шымкент қаласы бойынша саяси ұйым жетекшісі Қанатбек Досалиев.

Айта кету керек, «Болашақ» тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту орталығы, бұл үкіметтік емес ұйым және «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорына қарасты мекеме. Орталық басшысы Жанетта Жазықбаеваның мәлімдеуінше, оңалту мекемесі екі бағыт бойынша қызмет атқарады. Оның біріншісі, 2006 жылы дәрігерлер қателігінен АИТВ дертіне шалдыққан 268 бала мен олардың ата-анасына психоәлеуметтік, заңнамалық көмектер көрсету болса, екіншісі, мемлекеттік тапсырыс бойынша психоневрологиялық және тірек-қимылында ауытқуы бар балаларға медициналық ем-дом шараларын жүргізеді. Қор 2006 жылы АИТВ дертін жұқтырған сәбилердің ата-аналарының қолдауымен ашылған.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

03.07.2025
Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған