• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Жолдау – халық игілігі үшін құрылған үлкен жоспар

05.10.2021
in Басты ақпарат
Жолдау – халық игілігі үшін құрылған үлкен жоспар

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы 2021-2022 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келіп, елдің ерекше назарын аударды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жариялады.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025

Жолдауда Мемлекет басшысы, елдің экономикасына тоқтала келе, «Бизнестің жол картасы» мен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға дейін созу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Бұл мақсатқа бөлінетін қаржының көлемі кемінде 1 трлн теңге болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде бюджеттік , мемлекеттік қаржыны басқарудың ережелер жиынтығы қажет екенін айтты және жыл соңына дейін осындай тұжырымдаманы әзірлеу туралы Үкіметке тапсырма берді.

Мемлекет басшысы сонымен қатар, еліміздегі азық-түліктің бағасының негізсіз өсуін сынға алды. Бағаны реттеу мәселесін жөнге келтіру үшін, Үкіметке 1 айдың ішінде шешім қабылдауды тапсырды. Баяндама барысында Президент қос палатаның депутаттарына заң жобаларының дайындалуына үлкен мән беру керектігін, әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек екенін айтты. «Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер»,-деді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – аграрлық салада субсидиялау тәсілдерін қайта қарап, тұрақтандыру. Субсидияны рәсімдеу тәртібі түсінікті әрі толығымен ашық болуы тиіс. «Шағын және орта шаруашылықтар үшін субсидия толығымен қолжетімді болуы керек» деп айтылды биылғы Жолдауда.

Сөз соңында, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің басты капиталы – халық екенін, бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін айта келіп, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін қадап айтты.

Президент Жолдауының орындалуына қатысты жүрегі елім деп соққан әр азаматқа зор сенім арта отырып, татулық пен тұрақтылықты негізге алып, айнымас қағидамызға айналған асыл қасиеттерімізден айнымай, ортақ шаңырағымыз – Қазақстанды өркендетуге үлес қосуға шақырды.

Иə, Президентіміздің алға қойған мақсаты көп. Сол халық игілігі үшін құрылған ірі жоспарларының орындалуына өз басым шын жүректен тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Октам АХМАДЖАНОВ,

Шымкент қаласы,

Али Ақбаев атындағы N101 ЖОББ мектебі

директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары,

информатика пәні мұғалімі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

15.07.2025
Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

15.07.2025
Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған